Дәрігерлер үйіне жіберген: Bek Air ұшқышының неден өлгені айтылды

Алматыда ұшақ апатынан аман қалған екінші ұшқыш қайтыс болды. 54 жастағы Мейіржан Молдақұлов үйінде жүргенде халі күрт нашарлаған екен. Содан жедел жәрдем шақыртқан. Алайда дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Ішкі істер министрлігі ұшқыштың қазасында ешқандай қылмыс белгілері жоқ деп мәлімдеді. Ал «Бек Эйр» компаниясына қатысты дау одан сайын ушыға түсті. Қайтарылмай жатқан билет ақшасы мен апатқа қатысты тергеудің баяу жүруі мәжіліс депутаттарына ұнамады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ұшқыш

Мейіржан Молдақұлов басынан, жамбасы мен омыртқасынан ауыр жарақат алса да, аман қалған. Тіпті бірнеше отадан соң оңалып, дәрігерлер ұшқышты үйіне жіберуге бірауыздан шешім қабылдаған. Ауруханадан жазылып шыққан азаматтың арада апта өтпей жатып қайтыс болғанына енді дәрігерлер де таңданысын жасырмай отыр.  

"Бірнеше дәрігерлердің кеңесінен кейін ғана ол амбулаториялық емге шығарылған болатын. Амбулаторлық емге шығаруға ол кісіде толық мүмкіндік болды. Енді қандай жағдайлардың әсер еткенін білмейміз. Жүрегінен нақты ақау байқаған жоқпыз. Жалпы, ол кісінің психологиясында кейбір нелер бар екенін байқаған болатынбыз. Оны біз айта алмаймыз, кіммен сөйлескені туралы телефонмен, кімге ренжігені туралы, бұны егер тексеретін болса, жағдай анықталатын шығар", - деді Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Тілеухан Әбілдаев.

Ұшқыштың өзі жазылғанымен, жан жарасы қалған екен. Айтуларынша, жедел жәрдем үйіне жеткенде жүрегі тоқтап қалған. Болжам бойынша, марқұм өкпе тамырларының тормбоэмбалиясынан көз жұмған. Ұшқыштың аяқасты өліміне қатысты түрлі болжам тараған еді. Дегенмен ішкі істер министрінің орынбасары марқұмның өлімінде «қылмыстың ізі жоқ» деп тоқ етерін айтты.

"Ұшқыштың өліміне әуе апатынан алған жарақаттарының немесе қандайда бір қылмыстық факторлардың қатысы жоқ. Мәселе – денсаулығында. Қалай болғанда да, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нақты себебін мамандардан еститін боламыз", - деді ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Жалпы, «Бек Эйрге» қатысты дау бүгін тағы ушыға түсті. Апаттан соң арада бақандай бір ай өтсе де, зардап шегушілерге ешбір көмек көрсетілмепті. Одан қалды, ақшасы төленіп қойған билеттердің ақысын әлі күнге дейін қайтармай жүргені бүгін мәжілісте көтерілді.     

"Зардап шегушілерге әлі күнге дейін өтемақы төленбеген. Азаматтар Bek Air өкілдері ауруханаға, тіпті жерлеуге де келмегенін айтып азаматтар шағымданып жатыр. Билеттердің ақысы төленбеген. Бас прокурорға осыған қатысты депутаттық сауал жолдаймын. Азаматтардың мәселесін компания дереу шешіп берсін", - деді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев. 

Перуашев тергеу ісінің де созылып кеткеніне наразы. Бұл сауалға қатысты да Ішкі істер министрлігінде жауап табыла кетті.     

"Ондай іс ешқашан тез бітпейді. Ол кәдімгі жол көлік оқиғасы да бір, екі, үш айға созылып кетеді. Оның себебі, арнайы сараптамалар керек. Ал ұшақ құлағанда, сараптама қиындайды. Қазір сараптамалар жүргізіліп жатыр", - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

«Бек Эйрге» тиесілі ұшақ Алматы маңындағы Гүлдала ауылында құлаған. апаттан 12 адам көз жұмды. Атышулы істегі жалғыз куәгер – екінші ұшқыш та бақилық болды.  

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тальгодағы" зорлау: істің нүктесі қойылды

"Тальго" жолсеріктерінің ісі бойынша соңғы нүкте қойылды

В Туркестанской области в семье 4-5 детей, а в Алматы 1-2. Почему такая разница?

Коронавирустың кесірінен 1000 адам Канар аралдарындағы қонақүйде карантинге жабылды

Канар аралдарына саяхаттап келген италияндық азаматтан коронавирус табылды

Қазақстанда бокстан олимпиада чемпионының әкесі қайтыс болды

Бекзат Саттархановтың әкесі жүрек ауруынан қайтыс болды

Антарктикада қызыл қар жауды

Антарктикадағы қызыл түсті қар елді әбігерге салды

"Олар сынақ нәтижелерін қорқынышпен күтуде": Жапониядан келген "Кешью" тобының директоры карантинге жабылды

"Кешью" тобының директоры Назым Басқынбаева карантинге жабылды

ДДСҰ-да коронавирусқа бейім жас туралы мәлімдеді

Коронавирусқа барлық жастағы адам бейім деген қорытынды жасалды

Тарихта бірінші рет тірі донордан қолдың буынын трансплантациялады

Вьетнам астанасы Ханойда тірі донордан қол буынын трансплантациялау бойынша әлемдегі алғашқы ота өтті

Сегіз рет жасалған сараптама нәтижесі теріс болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Сегіз сынақтың нәтижесі теріс болып шығыпты

Коронавирус бір күнде әлемдегі ең бай адамдарды 139 миллиард доллардан айырды

Коронавирус әлемнің бай адамдарын да бей-жәй қалдырмады
Çàãðóçêà...