Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Beginit by inDrive тегін көшбасшылық бағдарламасына ауыл оқушылары арасынан өтінімдер қабылдау басталды

Ауыл мектептерінің 10-сынып оқушылары арасында Beginit by inDrive тегін көшбасшылық бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл бағдарлама Қазақстан аймақтарындағы болашақ әлеуметтік көшбасшыларды анықтауға және қолдауға бағытталған.

Тегін білім беру аясында студенттер көшбасшылық және жоба жүргузу бойынша курстарды оқып, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобаларды жасауды үйренеді. Сонымен қатар, оқушылар еліміздің әр түкпірінен жиналған қатарластарымен танысып біліседі. Олар бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және шығармашылық индустриядан жиналған көптеген көшбасшылардан құнды кеңестер ала алады. Бағдарлама Алматыдағы тау етегінде орналасқан оқу лагерінде өтеді. Тренингтен кейін қатысушылар өз аймақтарындағы әлеуметтік мәселелер бойынша шығарған шешімдерін ұсына алады.

"Әлеуметтік көшбасшылық демекші, біз тек қарым-қатынас дағдыларын, топтық жұмысты және әлеуметтік желіні дамытуды ғана емес, сонымен қатар адамның әлеуметтік қатынастарды дамытуға және планеталық мәселелерді шешуде маңызының зор екенін 16 жастағылардың да жақсы түсінетінін білеміз. Әлемдегі ең жақсы университеттер балаларды сабақтан тыс іс-шаралары мен волонтерлік тәжірибесіне қарай таңдайды", – деп түйіндейді Beginit by InDrive жобасының жетекшісі Елена Тропинова.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар бірқатар әлеуметтік жобаларды жасайды. Ал ішінен таңдалған үздіктері идеяларын жүзеге асыру үшін қаражылай қолдау алады. Бағдарламаның финалистері inDrive бас директоры Арсен Томский Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жариялаған жаңадан құрылған inVision U университетінің білім гранттары мен бағалы сыйлықтарына ие болады.

Іріктеу кезеңдері 2023 жылдың қараша айында Қазақстанның 6 облысында: Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өтеді. Студенттер жобаға қатысу үшін оның веб-сайтына өтінім бере алады. Өтінімді қабылдау 30 қарашаға дейін жалғасады.

Талқылау