Beeline Қазақстанда бірнеше ресейлік арнаны көрсетуді тоқтатады
Beeline компаниясы Қазақстан аумағында оннан аса ресейлік арнаны көрсетуді тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, тізімге енген 15 арна 2022 жылдың 5 қазанынан бастап көрсетілмейді.
"Үйдегі интернет" және BeeTV сервисінде "Дом кино", "Победа", "О!", "Первый канал СНГ", "НТВ МИР", "Карусель International", "Россия 24", "Музыка Первого", "РТР Планета", "Время: далекое и близкое", "Телекафе", "Поехали", "Дом кино Premium HD", "Бобёр", "Россия К" арналарының көрсетілуі тоқтатылады", - делінген хабарламада.
BeeTV Free бөліміндегі өшірілген арналардың орнына "Еврокино", "Любимое Кино", "1HD music" және "Еда Премиум HD" арналары қосылады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”