Беделхан “Ninety one” тобының концертіне қарсы шыққандарды тілдесуге шақырды
Қоғамда екіжақты пікір тудырған атышулы “Ninety one” тобының айналасында болып жатқан дау толастар емес. Аталмыш топтың бұған дейін қатарынан бірнеше қалада концерті өтпей қалды. Топ продюсері Ерболат Беделхан концерттің ұйымдастырылуына қарсы шыққан «хейтерлерді» тілдесуге шақырды.
«15-20 адам қарсы тұрып, наразылық көрсетсе, оның ар жағында не жатыр? Мыңдаған билет сатып алған адамдар жатыр. Олардың құқығы, көз жасы қайда қалды?» – деді продюсер Гәкку арнасына берген сұхбатында.
Одан кейін Беделхан топ мүшелеріне, тіпті, өзіне де қаратыла айтылатын «қызтеке» сөзіне тоқтау салды.
«Менің үш балам, әйелім бар. маған да сол сөз айтыла бастады. Мені бір «көгілдір, қызтеке» деп. Күлкінішті жағдай шынында. Ешкімге тиіскім келмейді, бірақ 91 тобында ешқандай қызтеке жігіттер жоқ. Біз ешқашан ондай іске бармаймыз, ондай адамдарды қолдап, жалпы ондай адамдар емеспіз», – деп жалғады сөзін ол.
Атышулы топтың жетекшісі топтың концерт өткізуіне қарсы шыққан жандарды концертке келіп тілдесуге шақырды.
«Сұрақтарыңызды қойыңыздар, уайымдамаңыздар, жауап береміз. Бағдарлама концерттің үстінде де жүргізіледі. Келіңіздер, біз тілдесуге әрқашан дайынбыз», – деп түйіндеді сөзін продюсер.
Жіберіп алмаңыз:
Отандық продюсер Түсіпбаеваның ТВ-ға жолын жауып тастайтынын айтып қорқытқан
Баян Есентаева «Қазақ Аруы» байқауы туралы фильм түсірмек
Мұхамедиұлын ақша бопсалады деп айыптаған қазақстандық режиссерге айыппұл салынды
Актер Ернар Нұрғалиев пен жұбайы Әсел Қалиева нәрестелі болды