Баян Есентаева «Қазақ Аруы» байқауы туралы фильм түсірмек
«Қазақ Аруы» байқауының бас продюсері Баян Есентаева 6 сериядан тұратын фильм түсіру жөніндегі жоспарымен бөлісті.

«Ең беделді сән байқауы «Қазақ Аруы» енді 6 сериялы фильм арқылы көгілдір экраннан көрініс таппақ. Еліміздің бас аруын сомдайтын басты рөлде кім ойнайды? Жақында кастинг. Ал біздің компаниямыздың жаңа жобасы мен жаңа үміттері бар», – деп жазады ол.
«Қазақ Аруы» байқауы Қазақстанда 6 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Ол жыл сайын наурыз айында өтеді. Жоба қатысушыларына қойылатын негізгі талап – қазақ тілін жетік меңгеріп, әдебиет, тарих, қазақ халқының салт-дәстүрінен хабардар болу.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады