Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Fitch Kcell-дің «BB+» деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингісін растады

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Kcell-дің "BB +" деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингісін растады. Халықаралық сарапшылар компанияға болжамды “тұрақты” деген баға беріп, нарық үлесі шамамен 30% болатын Қазақстандағы екінші ірі ұялы байланыс операторы болып қала беретінін жеткізді.

Компания 5G желісін өрістетуде көптеген жұмыстар атқаруда. Рейтингтік агенттіктің сарапшылары Kcell "Қазақтелеком" ірі телеком-операторының еншілес компаниясы (BBB-/Тұрақты) болғанымен, ірі миноритарлық акциялар бумасына ие екенін алға тартты. Сондықтан жеке ұйым ретінде ол басқаруға ұмтылысы бар дербес жария компания болып қала бермек.

“Біз биылғы жылы айтарлықтай капитал мен 5G жиіліктерін сатып алу ақысын төлеуге, қарыздың ұлғаюына және дивидендтер төлеуді қалпына келтіруге байланысты Kcell-дің EBITDA алдындағы таза қарызы 2022 жылы -0,04x-тен 2023 жылы 1,3 есеге дейін өседі деп болжап отырмыз. Біз леверидждің одан әрі өсуін күтеміз. Компания 4G желісін өрістетумен қатар 5G инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруда. Таза леверидж 3,1x теріс сезімталдығынан төмен нәтижеде", - делінген Fitch Ratings сарапшыларының есебінде.

Өз кезегінде Kcell 5G желісін өрістету күрделі әрі қымбат міндет екенін жеткізді. Байланыс операторларына жобаны табысты іске асыру үшін орасан зор қаражат инвестициялауға тура келеді. Бірінші жартыжылдықтың өзінде компания өз желісі мен инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде бесінші буын байланысын өрістетуге және жиіліктерді сатып алуға 110 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған. 

"Шынымен, биыл біз елде 5G енгізу мен дамытудың ауқымды жобасын іске асыруымызда елеулі инвестициялық циклға кірдік. Бұл туралы Fitch сарапшыларының есебінде де атап өтілген. Сонымен қатар, ұстанатын консервативтік саясатпен шығындарды оңтайландырудың және тұтастай алғанда тиімділікті арттырудың арқасында біз едәуір қаржылық беріктік пен өтімділік деңгейін сақтай аламыз. Жалпы, соңғы екі жылда біз өз клиенттеріміздің сапалы телекоммуникациялық және цифрлық қызметтер алуы үшін 100 миллиард теңгеге жуық соманы өз желілерімізді дамытуға және жаңартуға жұмсадық", – деп атап өтті "Kcell" АҚ бас атқарушы директоры, Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.

Агенттік сарапшылары Kcell-дің шығындары 2022 жылғы 17%-дан 2023 жылы кірістің 75%-ға дейін артуы 5G байланыс стандартын өрістетіп оның қолданыстағы желілік инфрақұрылымын дамытуға және жаңартуға инвестициялар салу қажеттілігіне байланысты 2024-2025 жылдары 25%-35% деңгейінде жоғары болып қалады деп болжап отыр. 

"Күрделі салымдарға деген жоғары қажеттілік, сондай-ақ пайыздық төлемдердің ұлғаюы және дивидендтерді төлеуді қайта бастау біздің базалық сценарийімізде еркін ақша ағынына (FCF) әкеледі. Біз өскен капитал салымына қажеттіліктерді қаржыландыруда қарыздың ұлғаюы мен пайыздық мөлшерлемелердің өсуі нәтижесінде пайыздық төлемдер өседі деп күтеміз. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жағдай бойынша, компания қарызының басым бөлігі 2022 жылдың соңындағы 11% -13% -ға қарағанда 18% -дан жоғары мөлшерлемеге ие болды", – делінген Fitch есебінде.

Тұтастай алғанда, халықаралық агенттіктің сарапшылары мобильді оператордың рейтингісі оның ұялы байланыс нарығындағы берік позициясына байланысты екенін айтады. Компанияның салыстырмалы түрде төмен леверидж деңгейі мен ең жоғарғы инвестициялық циклдерден тыс ақша ағындарының жақсы генерациялануы да бағаланды.

"Біздің жұмысымыз бен жобаларымыз клиенттердің өмір сүру сапасы мен жайлылығына тікелей әсер ететінін түсінеміз. Сондықтан инвестицияны жоспарлау кезінде біз цифрлық сервистер мен қызметтердің жабынын, қолжетімділігі мен сапасын жақсарту жобаларына басымдық береміз. Жыл сайынғы күрделі шығындарымыз орта есеппен 30% -ға өсуде. Бұл инвестициялар байланыс сапасын жақсарту, жаңа базалық станциялар салу және қолданыстағы жабдықтарды жаңарту бағдарламаларына жұмсалады", – деп түйіндеді өз сөзін Асхат Өзбеков.
Талқылау