Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Базар республикалық деп айтыңыз": Алматы облысы санитар дәрігеріне "Алтын Орда" туралы сұраққа жауап беруге біреулер көмектесті

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ОКҚ брифингінде өңірдің бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа "Алтын Орда" базарының жұмысы туралы сұрақ қойылды. Оған әлдекімдердің сыбырлап көмектескені эфирге түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бас санитар дәрігерден журналист "Алматы облысында кәсіпкерлерге қатысты қандай карантин шектеулері енгізілгеніне қарамастан, неге ол "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда үйінің жұмысына әсер етпейтінін" сұрады. 

"Базар республикалық деп айтыңыз, бірақ онда қажетті шектеулер бар", – деді әлдекім өңірдің бас санитар дәрігеріне сыбырлап. 

Ерғали Сыдыманов айтылғанды қайталады. Брифингке Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров те қатысқан. Шамасы, олардың біреуі "көмектескен" болуы мүмкін. 

Айта кетсек, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов жаңа жұмысындағы бірінші күннен бастап Талдықорған тұрғындарының наразылығын тудырды. Қала тұрғындары оның жағымсыз мінез-құлқына шағымданған болатын. 

"Мен саған қызмет етпеймін. Балаларды тамақтандыру керек екенін түсінемін, сонда-мұнда, несиелер бар, андай-мындай. Мен бірінші жыл тұрмыстамын ба? Болды, кетіңіздер, басымды қатырмаңыздар! Сен неге түсіресің, осылай бәрі басталады", – дейді Ерғали Сыдыманов видеода.

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пандемия өршіп жатқан кездерде “Алтын Орда” базарына не себепті шектеу қойылмайтынын түсіндіріп берген болатын. 

“Алтын Орда" базары бойынша мынаны айтайын. Бұл базар елдегі азық-түлік бағасын қалыптастыруда үлкен рөл ойнайды. Өйткені толайым сауда жасаушылардың көбі өнімді осы жерден сатып алады. Егер біз оның жұмысын шектесек немесе бірнеше күнге жауып тастасақ, Алматы облысы мен қаласынан басқа өңірлерде де азық-түлік бағасы өсіп, дүрбелең туғызады. Бұл жерде мәселеге жан-жақты қарау керек", – деген ол. 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 13 Қыркүйек, 2021 14:59
Талқылау