Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байзақова сәбиін Құран сүрелерінің көмегімен ұйықтататынын айтты (видео)

Желтоқсанның басында сәбилі болған Айжан Байзақова тұңғышын қасиетті Құран сүрелерінің көмегімен ұйықтататынын айтты. Оның сөзінше, перзенті сүрелерді тыңдағаннан кейін тыныш ұйықтайды екен, деп жазады Stan.kz.

Айжан Байзақова

Өз сөзінде Айжан Байзақова сәбиінің түнде ұйқысы тыныш емес екенін айтты. Сол себепті достары оған Құран сүрелерін тыңдатуға кеңес беріпті.

«Егер бұл рас болып, ұлым таңғы алтыға дейін тыныш ұйқытайтын болса, әр түн сайын Құран сүрелерін тыңдататынымды достарыма айттым. Мен шын айтып тұрмын. Өзім де қайран қалдым. Себебі бір жарым сағат бойы тыныштық орнады. Әлде бұл жай ғана  сәйкестік пе?» – дейді Байзақова Instagram-да.

Ұлының Құран сүрелерін тыңдағаннан кейін тыныш ұйықтағанына таңғалысын жасырмаған Байзақова өзінің Құдайға сенбейтінін, алайда дінге деген көзқарасы дұрыс екенін айтты.

«Егер ұлым сүрелерді естіп  ұйықтайтын болса, қызық болар еді. Мен мұны әуеннің тыныштандыратын әсерімен байланыстырамын. Өзіңнің де ұйқың келіп кетеді. Сәбиге де солай әсер етеді», – дейді Айжан.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от (@bayzakovateam)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 23 Қаңтар, 2019 13:30
Талқылау