Байзақова конкурс ұйымдастырған клуб директоры халықтан кешірім сұрады (видео)
Youtube-те жарияланған видеода өзін Zakova Bar директорымын деп таныстырған адам қоғамда дау тудырған оқиға үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады.
“Бұл жағдай қайталанбауы үшін біздің барда шара қабылданғанын бірден айтып өтейін. Аталған іс-шараны өткізуге қатысты адамдардың барлығы жұмыстан шығарылды. Айжан Байзақовамен тәрбиелік сипатта әңгіме жүргізілді”, — деді клуб директоры.
Бұл мекеме айыппұл төлеу түрінде жауапкершілікке тартылды.
Бар директоры мұндай оқиға енді қайталанбайтынын айтып, қаладағы барлық көңіл көтеру орнына өздерінің қателігін қайталамауды ескертті.
Аталған клубта 17 желтоқсан күні Айжан Байзақова қыздар арасында шешінуден конкурс өткізген болатын. Кеше Алматы ІІД баспасөз қызметі Instagram жұлдызы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін үш күнге қамауға алынғанын хабарлады.
“2017 жылдың 17 желтоқсанында А.С. Байзақова түнгі клубта қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған және өзге тұлғалардың мазасын алған”, — делінген сот қаулысында.
Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы беретін болған. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.
Тағы оқыңыз:
Қыздарды ақы төлеп шешіндірген Байзақованы блогерлер қолдай түсті
Ақша беріп, қыздарды шешіндірген атышулы Байзақова қамауға алынды
Айсәуле Бақытбек: Төреғалиді сынап, оған өлең арнау нағыз “колхоздың” ісі
Бір топ жігіт ақша үшін шешінген қазақ қыздарының масқарасын шығарды (видео)