"Бәйтерек" Ұлттық холдингі "Отбасы Банкті" IPO-ға шығармақ
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы органы "Отбасы Банкінің" IPO-ға шығу мәселесін қарастырып жатыр. Сол арқылы мемлекеттің ипотекалық нарыққа қатысу үлесін азайтып, одан әрі өсу инвесторлар мен серіктестерді тарту арқылы жоспарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: 2gis.kz
Бұл ақпаратты қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) мәлімдеді.
"Отбасы банк "АҚ-ның жалғыз акционері – "Бәйтерек" Ұлттық холдингі банктің IPO-ға шығу мәселесін қарайды", – делінген жазбада.
Бұған дейін "Отбасы банкі" жекешелендіру шеңберінде акциялардың 40%-ына дейін сату мәселесін қарайтынын хабарлады.
"Отбасы банкі" инвесторларды тарту есебінен мемлекетке оны құруға жұмсаған 78 миллиард теңгені қайтарып бермек. Сол арқылы мемлекеттің ипотекалық нарыққа қатысу үлесін азайтып, одан әрі өсу мен инновациялар үшін стратегиялық инвесторлар мен серіктестерді тартуды жоспарлаған.
Сондай-ақ капиталды тарту банктің моделін жетілдіруге және жаңа қаржы құралдарын жасауға мүмкіндік береді.
Банктің 2023 жылғы таза пайдасы, қаржылық есептілікке сәйкес 147, 5 миллиард теңге, активтер 4 триллион теңге, міндеттемелер 3, 4 триллион теңге, капитал 595 миллиард теңге болды.
"IPO несиелер бойынша қолданыстағы жеңілдетілген мөлшерлемелерге әсер етпейді. Банк мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды және тұрғын үй жобаларын іске асыруды жалғастырады", – делінген хабарламада.