Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бәйтерек” пойызында тарақандармен алысқан жолаушылардың төбе шашы тік тұрды (видео)

Астанадан Алматыға қатынаған “Бәйтерек” пойызындағы 14 вагонның жолаушылары купе ішін аралап кеткен тарақандарды көріп таңқалған.

c1689c57b8e540d3f385969abc6f7817

Фото: temirzholy.kz

“3 сәуір күні сағат 22:10-да мен Астана-Алматы бағытында шықтым. Вагон ішін тарақандар басып кетіп, адамдар түні бойы көз ілген жоқ. Олар барлық жерде жүрді. Не айтарымды да білмеймін”, – деп жазады Фейсбукте Қарлығаш Қасымова.

“Жолаушылар тасымалы” компаниясының баспасөз қызметі болса, тарақандар жолаушылардың шамаданы арқылы кіруі мүмкін дейді.

“Талапқа сәйкес рейс алдында №10 жолаушылар пойызында санитарлық тексеру жүргізілді. Жолда тарақандар тек 14-ші вагоннан табылған. Ол жолаушының жүгі арқылы кірген болуы мүмкін”, – делінген баспасөз хабарламасында.

“Бәйтерек” пойызы Астана мен Алматы арасына 2012 жылдан бері қатынап келе жатыр. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, вагондар заманауи үлгіде жабдықталған.

Талқылау