Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байқоңырда ер адам балаларын өлтіремін деп қорқытқан: Қыздарды органдар әкесінен тартып алды

Байқоңырда ер адам бірнеше ай бойы балаларын өлтіремін деп қорқытып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

56 жастағы байқоңырлық ер адамның сөзін екі қыз шын қабылдап, қорқып келген. Прокуратураның мәлімдеуінше, қыздардың қорқуына негіз болған.

Балалар Байқоңыр қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету кешенді орталығының әлеуметтік пәтеріне орналастырылды. Олардың әкесі Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, кешен прокуратурасы қылмыстық істерді Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігі “Кісі өлтіру қаупі” бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына жіберді.

Отандық заңдарға сәйкес, адам өлтіру қаупі үшін отыз тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Талқылау