Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Байкер қуғыны": Нұр-Сұлтанда полиция мотоцикл жүргізушісі артынын қуғын ұйымдастырған

Нұр-Сұлтанда полиция мотоциклшінің соңынан қуғын ұйымдастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық полиция департаменті мәліметінше, рейдтер кезінде автопатруль полициясы Қорғалжын тас жолында төтенше жағдай тудырып, қызылға  өтіп бара жатқан мотоцикл жүргізушісін байқады. Полицияның тоқтату туралы талабына құлақ аспай, мотоцикл жүргізушісі қозғалысын жалғастырды.


"Форсаж стиліндегі көлік жарысы": Алматы облысында полиция көлік жүргізушісін жарты сағат қуған 


Полиция мотоцикл жүргізушісін қуа бастады және Тұран даңғылы - Қорғалжын тас жолы қиылысында патрульдік автокөлікпен өтіп бара жатқан көліктің алдын орап, DUKASU мотоциклін тоқтатып, ұстады. Мотоцикл иесі жүргізуші куәлігі жоқ 20 жастағы жігіт болып шықты.

Жас жігітке қатысты әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің үш бірдей бабы бойынша жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқарғаны үшін мотоцикл жүргізушісі үшін 613, 612 және 599 баптары бойынша 150 мың теңгеден аз мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мотоцикл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің коммуналдық тұрағына орнатылды.

Талқылау