Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Байыңнан жемеген таяқты FlyArystan-нан жедің бе?": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің мінезін айтты

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызына ұшақтағы жарақатынан кейін түрлі пікір жазатын оқырмандар пайда болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Айта кетейік, жақында Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының рейсінде көзіне қатты зат түсіп кетіп, жарақаттанып қалған еді. Жәбірленуші тарап сотқа арыз түсіріп, дауға ұласты. Сол оқиғадан кейін жеке парақшасына “Қайрекең ұрмады ма не?" деп сұрайтын оқырман көбейген. 

“Жоқ, еш уақытта! Бірақ ашуын... ол енді ұзақ әңгіме, кейін айтып беремін. Қатты зат тиген жер төртінші күні күлгін түске боялады екен", – деп жазды журналист.



Көп уақыт өтпей медиа маманы марқұм жолдасының ашуланған сәтін айтып берді. 

“Бір келіншек жазып жіберіпті "Байыңнан жемеген таяқты FlyArystan-нан жедің бе?" деп. Енді ол кісі ойнап жазды ғой, түсінікті. Мен айтамын ғой, марқұм Қайрекеңнің ондайы жоқ еді деп. Негізі ондай азамат емес еді. Қатты ашуланса, үйден шығып кететін. Ең жаман, ауыр жаза әйел үшін сол ғой. Маған сондай болатын. Қайрекең менімен сөйлеспей қойса, бітті. Оның реніші басылып, өкпесі басылып, көңілі дұрысталғанша, ойбай, жаным шығып кете жаздайтын", – деп есіне алды БАҚ өкілі. 

Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы ұшақтағы оқиғаға байланысты сараптама қорытындысы 20 күннен кейін шығатынын айтқан еді. 

Талқылау