Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байден ядролық қару мәселесін талқылау үшін Солтүстік Корея басшысын кездесуге шақырды

АҚШ президенті Джо Байден Ким Чен Ынмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирби АҚШ президенті Джо Байденнің Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселесін талқылау үшін Ким Чен Ынмен "алғышартсыз" кездесуге дайын екенін айтты.

"Біз алдын ала алғышартсыз отырып, келіссөздер жүргізуге дайынбыз", – деді Кирби.

Оның айтуынша, Солтүстік Корея бұл ұсынысқа әлі де оң жауап берген жоқ.

Байден келіссөзді Жапония және Оңтүстік Корея басшыларымен өткізбек. Бұл хабар Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық мүмкіндіктерін қарқынды дамыту күн тәртібінің басты мәселесі болатын үшжақты саммиттен бір күн бұрын айтылды.
 

Талқылау