Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байден Си Цзиньпиннің G20 саммитіне қатыспайтынына ренжіді

АҚШ президенті Джо Байден Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Делиде өтетін G20 саммитіне қатыспайтынына ренжігенін айтты. Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Голос Америки басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Байден Си Цзиньпинмен кездесуге ниетті екенін жеткізді.

"Менің көңілім қалды, бірақ бәрібір де онымен кездесемін", - деді Байден.

Байден 7-10 қыркүйекте Үндістанға G-20 саммитіне қатысып, содан кейін Вьетнамға барады. Өйткені АҚШ әкімшілігі Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасын нығайтуға тырыспақ.

Си Цзиньпин саммитке келмеуі мүмкін. Бейжіңнің атынан Қытай премьер-министрі Ли Цян қатысады деп күтілуде.

Байден саммитті асыға күтетінін атап өтті. Оның айтуынша бұл жиын Вашингтон, Бейжің және Нью-Дели арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал етеді

"Менің ойымша, Үндістан мен Вьетнам Америка Құрама Штаттарымен жақын қарым-қатынас құруды қалайды. Бұл өте пайдалы болуы мүмкін", - деді Байден.

Талқылау