Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байден Путинді "есі ауысқан иттің баласы" деп атады

АҚШ президенті Джо Байден Сан-Францискода сайлау науқаны кезіндегі жиналыстардың бірінде Ресей президенті Владимир Путин туралы жағымсыз пікір айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Путин -- Байден 2024

Фото: brookings.edu

Демеушілерден тұратын шағын топтың алдында сөйлеген сөзінде Байден ядролық қақтығыс қаупі әрқашан бар екенін, бірақ климат адамзат үшін одан да маңызды қатер болып қала беретінін айтқан.

“Соңғы экзистенциалды қауіп – климат. Біздің арамызда есі ауысқан иттің баласы, әлгі, Путин және тағы басқалары бар. Біз әрқашан ядролық қақтығысқа қатысты алаңдауымыз керек, бірақ адамзатқа экзистенциалды қауіп - климат”, – деп келтіреді басылым АҚШ президентінің сөзін.



CNN-нің жазуынша, Байден сонымен қоса өзінің құқықтық мәселелерін ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың өлімімен байланыстырған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты да сынға алған.

“Ол өзін Навальныймен салыстырып, біздің ел коммунистік болғандықтан, Навальный сияқты өзінің де қуғынға ұшырағанын айтады. Ол мұндай ойларды қайдан алатыны түсініксіз”, – дейді Байден.

АҚШ президенті егер мұны 10-15 жыл бұрын айтқан болса, барлығы оны қоғамнан оқшаулау керек деп ойлайтынын да жеткізген.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өтетін президент сайлауы туралы айта келе Владимир Путиннің "беделді басшылығын" атап өткен еді. 

Талқылау