Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Байден Газаның Палестинаға тиесілі екенін мойындамай, соғыс бітпейді": Ердоған АҚШ президентіне шарт қойды

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Джо Байден Газа қаласының Палестина халқына тиесілі екенін мойындау керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Anadolu басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: israelan.com

Ердоғанның сөзінше, Байден бұл шындықты мойындамаса Таяу Шығыстағы жанжал шешілмейді.

"Газа – ең алдымен Палестина халқының жері. Америка (және жеке Джо Байден) мұны қабылдауы керек. Егер Байден "Газа Палестина халқының жері емес, басқыншы қоныстанушылар Израильдің жері" деген көзқараста болса, біздің келісімге келуіміз мүмкін емес", – деді Режеп Тайып Ердоған.

Түркия басшысы Израильді "бала өлімінің себепшісі" деп атады.

Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Ахмед Абу әл-Гайт та Таяу Шығыстағы қақтығыс Батыс "екі мемлекет принципін" қабылдамайынша жалғасатынын айтты. Соған сәйкес Израиль басып алынған Палестина территориясынан кетуі керек. 

Айта кетейік, ХАМАС тобы Израильге 7 қазан күні жаппай ракеталық шабуыл жасаған еді. Кейін Хамастың жоғары лауазымды шенеунігі Гази Хамад бір айға жуық уақыт бойы ұстаған барлық кепілге алынғандарды босату бойынша "толық ымыраға келуге" дайын екенін  мәлімдеді.

Талқылау