Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Астана қаласының тұрғыны Гүлсара Жамалқызы 19 жасында әйелі бар еркекке тұрмысқа шығып, оларға ұл туып берген. Артынша бәйбішесі мен өгей қыздары оған күн көрсетпей, үйден қуып шыққан. Бүгінде ол тұңғышын бауырына басуға зар болып жүр. Сотқа барайын десе, қолында еш құжаты жоқ. Жастықпен өзінің еш құжат рәсімдемегенін айтады. Тіпті ұлын бәйбішенің атына жаздырған екен.

1442401901b8zn0

Фото: “Тоқал” фильмінің кадры

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Гүлсара Жамалқызы (есімі өзертілді) дәл қазір 23 жаста. Ол бірінші курста оқып жүріп келіншегі мен екі қызы бар азаматпен көңіл жарастырған. Бәйбішемен бір шаңырақта тұруға келісімін беріп, оларға ұл туып берген. Бастапқыда барлығы ойдағыдай болып, отбасында беделі артқан. Алайда уақыт өте келе отбасы мүшелері Гүлсараны малайша жұмсап, қонақтардың көзінше мазақ етуді әдетке айналдырған. Бәйбішесі үйден қуып шыққан Гүлсара енді жалғыз ұлын көре алмай жүр.

“Бірінші курста оқып жүрген кезімде математикадан қосымша сабақ үйрететінім туралы хабарландыру таратқан болатынмын. Бір күні екі қызы бар әйел хабарласып, менен үйге келіп сабақ өткізуімді сұрады. Келісімімді беріп үйіне барып жүрдім. Қыстың қақаған аязында күйеуі көлікпен үйге дейін әкеліп тастайтын. Арамызда сезімнің қалай пайда болғанын түсінбей қалдым. Ол кісі де маған қарындасы ретінде қарамаған еді. Әйелі де дастархан үстінде жолдасына ұл сыйлай алмағанын жиі айтатын болды. Бір шетінен ер-азаматының менде көңілі бар екенін білген сияқты”, – дейді Гүлсара.

Ары қарай бүгінде тоқал болып отырған Гүлсараның сөзін бағдарлама жүргізушісі жалғады. “Орынсыз айтсам, кешірім сұраймын. Ренжімеші, бірақ 19-20 жасыңда үйленген жігіттің көңілдесі болатындай не күн туды басыңа? Басқы жігіт табылмады ма? Әлде қатты сүйіп қалдың ба?” – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

“Шыны керек, ата-анамның жалғыз қызы болдым. Олар ауылда тұрды. Оның үстіне анам ауыр сырқатқа шалдығып қалды. Оған ер-азаматқа сезімімнің пайда болғанын ашып айттым. “Егер сезімің болса, бақытыңды байламаймын. Бастысы, сені қадірлеп, құрметтесе, қарсы емеспін” деп маған түсіністікпен қарады. Бәлкім көрер жарығы аз болған соң осылай деді ме екен? Ол жағын білмедім. Әкеме бұл туралы айтуға батылым бармаған соң оған анам арқылы айтқыздым”, – дейді бойжеткен.

Осылайша Гүлсара әлгі азаматпен некесін қидырып, бір шаңырақтың астында тұра бастайды. Босанғанға дейін де, одан кейін де айналсындағылар жылы шырай танытып, қамқорлық көрсетеді. Отбасындағы беделі арта түседі. Алайда ұлы есейе бастаған шақта бәйбіше мен жолдасының арасында айқай-шу пайда болады. Жанжалдың соңы тоқалды үйден қуып шығумен аяқталады.

“Басында ұл баланы дүниеге әкелген соң барлығы қуанды. Мен сөзбен айтып жеткізе алмайтын таңғажайып сәттер болды. Беделім өсіп, бәйбішесі қамқорлық танытты. Бірақ уақыт өте келе баланы менен алшақтатуды шығарды. Маған тек емізетін кезде ғана беретін болды. Күндіз үй тірлігін жасап, екі қызына қараймын. Өстіп жүріп сабағым да жайына қалды. Бәйбішесі менен күйеуін қызғанып, оның да махаббаты ашыла бастады. Қыздары да қонақтардың көзінше мазақ қылуды шығарды. Ал күйеуім мұның барлығынан бейхабар.

Ол үнемі сыртта өзінің жұмыстарымен жүреді. Баламыз туған кезде жолдасым “Екеуіміздің бақытымыз да, өміріміз де алда. Баланы бәйбішенің атына жаздырайық” деп менің есімімді құжатқа тіркеуден бас тартты. Соңында бәйбіше киімдерімді жинап, далаға шығарып салды. Жастықпен осының бәріне көне берген екенмін. Енді баламды көруге зар болып жүрмін. Оның анасы екенімді дәлелдейтін қолымда еш құжат жоқ”, – дейді Гүлсара ханым.

Бағдарламаға отбасы мәселелерін шешетін қорғаушы да шақырылған екен. Ол бұл істі ДНҚ нәтижесі арқылы толықтай жеңіп шығуға болатындығын мәлімдеді.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Амантай қажы 23 жасар бойжеткенді тоқалдыққа алды (фото)

Мақпал Исабекова: Түнімен мәнті сатып, секонд-хэндте киінген кездерім болды

Шахизаданың жолдасы өзінен 10 жас кіші “тоқал” алды

Қазақ қызы отбасылы азаматқа тоқал болудың тиімділігін тізіп берді

Талқылау