Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байбек: Тағы 110 мың отбасы 50 мың теңгеден алады

Бауыржан Байбек 110 мың аз қамтылған отбасыға 50 мың теңгеден берілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше әлі көптеген отбасы қаржылай көмек алатын болады. Арнайы құрылған қоғамдық қор атынан осындай көмек ұсынылатынын тілге тиек еткен Байбек бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы екенін де айтуды ұмытпаған.

"Елбасының атынан "Біргеміз" қоры біржолғы төлемдердің үшінші толқынын өткізді. Үлкен қалаларға жақын шағын қалалардан, ауылдардан және елді мекендерден тағы 110 мың мұқтаж отбасыға 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Осылайша, бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған қоғамдық қор, Тікелей атаулы қолдау 470 мыңнан астам отбасына немесе 1,6 миллион қазақстандыққа жетті", - деп жазды Байбек өзінің Instagram-да.

Оған қоса, Бауыржан Байбек осы уақытқа дейін жасаған қолғабыстары мен көмектері туралы ақпарат берді. Еріктілерді жұмылдыра отырып, үлкен іс атқардық деп ағынан жарылды ол.

"Біздің "Жас Отан" жастар қанаты, ел бойынша 5 мыңнан астам еріктілерді жұмылдырып, 256 мыңға жуық отбасына азық-түлік себеттерін, маскалар мен қажетті заттарды жеткізді. 5 миллион маска халықтың ең осал топтарындағы 100 мың отбасына тегін таратылды", - дейді ол.

Осылайша Бауыржан Байбек партияның мүшелеріне алғысын жеткізіді. Алдағы уақытта белсенділерге арнайы марапаттар табысталатын болды.

"Мен барлық партия мүшелеріне, Жасотандықтарға, партияның аймақтық филиалдарына жедел және үйлесімді жұмыс жасағандары үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Елбасының үндеуіне жауап берген барлық меценаттарға ерекше алғыс айтамын. Осы аптадан бастап біз партиямыздың жетекшісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хаттарын тапсыра бастаймыз", - деді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр