Баянауылда демалушылар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды
Баянауылда Павлодар тұрғыны жанжал кезінде жерлесін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, Баянауыл ауылындағы "Жасыбай" демалыс орнында 51 жастағы және 35 жастағы павлодарлық екі демалушы алкогольдік ішімдік ішкен. Олардың арасында жанжал туындап, масайраған 35 жастағы досы 51 жастағы тұрғынды пышақтаған. Жарақат алған жәбірленуші қаза тапты.
Қылмыстық кодекстің 106-бабының үшінші бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тергеу басталды. Бұл әрекетке сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Күдікті Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”