Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баянауыл шипажайы толығымен жабық: Демалыс үйлері де, жағажайлар да жұмыс істемейді

16-маусымнан бастап Павлодар облысы курорттарындағы барлық демалыс үйлері санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанша жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі. 

Баянауыл ауданының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, 16 маусым, сейсенбі күні сағат 00: 00-ден бастап санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанша барлық демалыс үйлері жабылатыны туралы аудан әкімі Қанат Кәрімов айтып берді.

Аудан басшысының есебіне сәйкес, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр және Біржанкөл көлдеріндегі барлық демалыс үйлері мен жағажайлар жабылады.

"Бүгінде төтенше жағдай режимінің жойылғанына қарамастан, біздің облысымыздағы, бүкіл елдегідей, жағдай ауыр күйінде қалып отыр. Өзімізді коронавирустық инфекциядан қорғау үшін сақтық шараларын күшейту және сақтау қажет", - деді аудан әкімі.

Баянауылдың курорттық аймағы ресми түрде ашылмады, бірақ кейбір демалыс үйлері жұмыс істеген болатын.

Өткен аптада Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты аймақтағы туристік маусымның ашылуы 15-маусымнан бастап белгісіз мерзімге қалдырылғанын мәлімдеді. Туристік нысандардың жұмысы әлі басталған жоқ.

Әкім облыс тұрғындарынан жағдайға түсіністікпен қарауды, демалыс аймақтарына бармауды және халық көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болуды сұрады.
 

Талқылау