Баян Сұлудың рөлін сомдаған актриса тұрмысқа шыққалы жатыр (видео)
Баян Алагөзова қарамағындағы тағы бір сылқымнан айырылып қалатын болды. Себебі Баян Сұлудың рөлін сомдап, біраз ел тақысына түскен актриса тұрмысқа шыққалы жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.
Актриса Гүлзада Тұрлашқа Темірлан Кеңес есімді сүйіктісі ұсыныс жасаған. Бұл туралы екі жастың достары әлеуметтік желіде хабарлады.
“Ол “иә” деп жауап берді. Ғұмыр бойы бірге болыңдар, бір-біріңе қолдау көрсетіп, қол ұстасып, бір-біріңді құрметтеп өтіңдер”, – деп жазды Алтынай Рауан есімді актрисаның құрбысы.
Еске сала кетейік, Гүлзада Тұрлаш Алматы облысы әкімінің орынбасары Лаззат Тұрлаштың қызы. Ол Баян Мақсатқызының продюсерлігімен таспаланған “Қазақ аруы” және “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаяларында басты рөлді сомдаған. Баянның қарамағына Гүлзада небәрі 16 жасында келген еді.
Жіберіп алмаңыз:
Айсәуле Бақытбек: Бақытты әйел маған жағымсыз пікір жазады деп ойламаймын
Төреғалидің экс-продюсері әншімен арадағы дауға қатысты алғаш рет пікір білдірді
Анасы мен енесін клипке түсірген Салтанат Бақаева тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)