Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян синдромы: 2 баласы бар келіншек Баянның кітабын оқып, күйеуімен ажырасуға бел буған

Баян Есентаеваның автобиографиялық кітабы қазір елдің қызу талқысында. Қанша сынап-мінесе де, жұрт Есентаеваның кітабын таласа-тармаса алып жатыр. 20 мың данамен шығарылған кітап дүкен сөрелерінде бітіп барады деседі. «Тапқанымды қайырымдылыққа жұмсаймын» деген продюсер үшін бұл қуанышты жаңалық. Алайда қыз тәрбиелеп отырған аналар «перзентім Мақсатқызынан үлгі алмаса екен» деп алаңдап отыр.

баян окінбеймін

Көрнекі сурет. Фото Instagram-дағы ашық дереккөзден алынды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алаңдауға негіз жоқ емес. Мәселен, екі баласы бар келіншек танымал продюсердің кітабымен танысып шыққаннан кейін күйеуіне деген көзқарасының өзгергенін байқап, онымен ажырасуға бел буыпты. Бұл туралы келіншектің анасы танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызына айтып берген.

Дәулетбекқызы Facebook-тегі парақшасына бейтаныс әйелден келген хатты жариялады.

«Атышулы Баянның кітабына жазылған рецензиялар парақшасында талқыланып, «қазіргі сәтпен өмір сүру керек» деп жастарға кеңес беріп жатыр. Айтайын дегенім қызым 30-дан асқан, күйеуде, екі баласы бар. Жақында: «Мама, күйеуім екеуміз екі түрліміз», – деп звондап тұр. Күйеуімен ұрысып, үйге келгісі кеп… Ұрсып тастадым: «Әкең екеуміз де екі түрліміз. Өмірге деген көзқарасымыз екі түрлі, әртүрлі фильмдер көреміз, бірақ 30 жылдан асты, тұрып жатырмыз ғой», – деп. Содан бері қызым маған қырғи-қабақ. Ал енді мархабат, ажырасулар басталады одан бетер. Соны бүгін түсіндім, сол кітаптың әсері, бұны талқыламаса болмайды, Бибігүл», – деп жазады Ханым есімді желі қолданушысы.

20258407_1599705236768377_4399454115413215524_n

Ал журналист 44 жыл бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп келе жатқан өз ата-анасын мысалға келтіріп, продюсерді сынап тастады.

“Инстаграмдағы мына апайдың пікірін сол күйі алдарыңызға жариялап отырмын. Сіздер не дейсіздер, ағайын? Қызының аяқастынан ойын өзгертуіне Баянның кітабы себеп болыпты. Егер де осылай қазақ келіншектері бірнеше жыл тұрған күйеулерінен ажыраса берсе, не болғаны? «Баян синдром» ауруы барша қаракөз қыздарымызға жұқпасын деп тілеп отыра бермекпіз бе?

Мәселен, менің анам мен әкем де бір-бірін өліп- өшіп сүймеген. Әкем алып қашты, анашым көнді. Бірақ, олар бір шаңырақтың астында 44 жыл өмір сүруде. Сонда деймін де, Баян 22 жыл тұрған жарын сүймегені былай тұрсын, күйеуінің көзіне шөп салғанын мақтан тұтып, кітабын шығарғаны қай сасқаны? Кімді адастырмақ?» – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы соңғы 15 жылда душқа жалғыз түспегенін айтып жұртты күлдірді

Алуа Қонарова әріптесі Баянның кітабы туралы ойымен бөлісті

Бір топ күзетшімен жүретін Ninety one тобы кімнен қорқып жүр?

Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды (видео)

Талқылау