Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді

Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов өткен жылдың көктемінде танысқандарын мойындады. Танымал продюсер 42 жасына дейін барлық нәрсені ақылмен шешіп келгенін, ал бұл жолы жүрегіне әмір жүргізе алмағанын мәлімдеді.

Screenshot_10

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Мен де қарапайым адаммын. Жақсы көрмеуге де, жақсы көруге де құқым бар. Өзге әйелдерден айырмашылығым жоқ. Өзімді ешқашан үлгі деп атамағанмын. Қоғам болса адал әйел, жақсы ана, адал, батыл, тәртіпті болу керек деген түсініктерді ұстануым керек деп есептейді. Бірақ менің де қателесуге құқығым бар. Ісімнің дұрыс-бұрыстығын ешкім де білмейді. Мен ессіз ұнатып, миымды реттемеген болып шықтым. Алайда кейде сананың жүрекке бағынбайтын сәттері болады, ал мұның алдында бәрі де керісінше еді. Ертеде мен әрбір қадамымды есептеп, ойластыратынмын. Ісімнің барлығы да таразыланатын еді. Ал енді 42 жасымда осындай жағдай болып отыр, өз-өзімді тоқтата алмай, не болып жатқанын да түсіндіре алмайтын жағдай», – дейді Есентаева.

Танымал продюсерге кәсіпкерді тағдырдың өзі айдап келген. Оған құрбыларының бірі хабарласып, телехикая түсіргісі келетін меценат жайлы айтқан. Алғашқыда мәселенің байыбына бармаған продюсер бірден келісім бермепті.

«Жұмыс бабымен жүріп таныстық. Құрбым телефон шалып, “Аналар үйі” жайлы сериал түсіргісі келетін меценат жігіттер жайлы айтты. Дым да түсінбедім. Сондықтан бірден келісім бермедім. Маған “өтінемін, жігіттер телефон соғады, Тұрсын деген” деді. Келісім бердім. Осы кезде қоңырау шалынды. Құлаққа жағымды ер адам даусы, әдеппен сөйлесті. Әдеттегідей сағат түскі екіде кездесуге келісім бердім. Бұл өткен жылдың наурызы болатын. Кездесуді түске дейінгі уақытқа қоймайтын едім. Тұрсын көмекшісімен келді. Әңгіме барысында қалай сериал түсіру керек екені жайында кеңес сұрады. Қандай технологияны қолдануға болатынын айтып бердім. Іскерлік кездесу болды», – деп түсіндірді ол.

Есентаева алғашқы жүздесуді тек іскерлік мақсатта деп қабылдаса, Алагөзов іштей бірдеңеден сезіктенген. Бұл туралы сұхбат барысында продюсер айтып берді.

Ал 10 маусымда болған оқиғадан кейін Алагөзов әйеліне бар шындықты айтып, ажырасуға өтініш білдірген.

Ал не себепті қарым-қатынастарын енді ғана жария еткенін түсіндірген Есентаева:

«Кездейсоқ жағдай емес, әрине, барлық мәлімет ресми түрде мәлімдейміз дегенше жарияланып кетті. Бірақ бұл қауесет болды. Мен басым бос емес, оның әйелі бар, 10 маусымда атышулы оқиға болды. 3-4 ай бойы жұрттың алдына шыға алмадым, осы уақыт бойы шетелде болдық. Әрине, қарым-қатынасымыз жайлы сол кезде айту Тұрсынның әйеліне де, менің бұрынғы күйеуіме де құрметсіздік болар еді. Бірақ енді қауесет тарап кеткен соң, растауды дұрыс деп шештік. Иә, аз ғана уақыт өтті. Бұл үшін де сынап жатыр: “Енді ғана ажырастыңыз, бұл қалай болғаны?” дейтіндер бар. Ажырасқан адам азап көріп, бір-екі жыл қиналуы керек деген ережені қайдан шығардыңыздар. Қоғамның түсініксіз стандарттары. Әркімнің жағдайында әрқалай. (…) Адамдар ережені бұзу үшін ойлап табады. Мен әулие емеспін, басқа адамдар секілді менің де күнәм бар, қателіктерім де, жетістіктерім де бар. Мен онымен оқиғадан кейін таныстым, ал күйеуім мені себепсіз ұрып-соқты” деп өтірік айтқанша, шындықты айтқан дұрыс. Мен ешкімді алдағым келмеді. Мен қандай екенімді айттым, көрсеттім. Өмірімдегі ережелердің бірі – өз-өзіме адал болу. Ал шындық әрқашан ащы. Тұрсын батылдығын менен бұрын көрсетті. “Жасырынғанымыз жетер, “таныс емеспіз” деуді, әуежайдан бөлек шығуды тоқтатамыз” деді. Мен өз кітабымда жазатын махаббат хикаясы болды», – деп жауап берді.

Баян Мақсатқызы кәсіпкерге тұрмысқа шыққаннан кейін тегін өзгерткісі келетінін ашып айтты. Тіпті, одан бала сүюі мүмкін екенін меңзеді.

«Менің атым онсыз да “Баянесентаева” болып кетті, Instagram-дағы аккаунтымды бұл мақсатта өзгерткен жоқпын. Адамдар мен жайлы жай ғана “Баян” деп сөйлемейді. Енді ауыстырғым келеді, себебі мен Есентаевтың әйелі емеспін. Енді Алагөзовтің жұбайы болғым келеді. Баян Алагөзова болғым келеді. Ері мен әйелі бір болуы керек. Балалы болып жатсақ, шешесі Есентаева, әкесі Алагөзов болып жүргенімізді қаламаймын», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынғали Алагөзов: Мен қазір ажырасу үстіндемін

Қанат Айтбаев Димашты сынаған дінтанушыға жауап берді

Сүйіктісі Әсел Сәдуақасоваға 101 раушан гүлін сыйлады

Алтынбек Рахметовпен ренжіскен Еркін Мәулен продюсерлердің қара тізіміне енген

Луина із-түссіз жоғалған анасының суретін көрсетті (фото)

Талқылау