Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызының әкесі Қозы мен Баян хикаясын сынағандарға дәлелмен жауап берді

Атышулы Баян Мақсатқызының әкесі, белгілі мәдениеттанушы, түрколог Мақсат Мұхитденов “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясын сынағандарға жауап берді. Ол қызының әрекетін жақтап, Баянның атына түрлі сыни пікір жазып жатқандарға аңыздың бұрмаланбағанын дәлелдермен түсіндіріп берді. Мақсат Мұхитденов қызының кәсібилігіне күмән келтіргендерден кешірім сұрауды талап етті. Мақсат Мұхитденов шағымын хатқа түсіріп, “Ұлт” порталына жолдаған.

“Мен – Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов. Жасым 71-де, руым – Кіші Жүз, Масқар. Кейінірек  аттары  аталатын – үндес, ауызбірлігі құрыш, ой  қорыта алатын, сайтқа  жариялай алатын адамдардың суқаны сүймейтін – Баянның әкесімін. Баянның анасы, 51 жыл айотасым Күлжамал. Жасы 69-да, руы – Арғын, Тобықты. Байлығым 5 мыңға таман кітәп, фонотекамда бір мыңнан аса күй, бір  мыңнан  аса ән, термелер, бүкіл  дерлік европа классикасы бар. Баян осы атмосферада өсті, сондықтан кейде ешкі апа бола  алады, ал жездең теке деген түсінік жоқ. ”Әке – балаға сыншы”, сондықтан да “Алаш” сыйлығының иегерінен өресі әлдеқайда жоғары. Айтпақшы, кітапханамда Қазыбек ақынның шығармалары жоқ, бірақ тауып бір екі кітәбімен танысып шығып, “Алаштың” ауылы жырақ екенін түсіндім, сірә мына Баянмен болған жағдайдай ауызбіршіліктің, ұлттық  құндылықтарға деген жанашырлықтың арқасында, қисық кетіп бара жатқан көш – “Алаш” елді мекеніне тұрақтаған сыңайлы. Хош, енді төсекте жатса да ”Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына жасалған қиянатқа шыдай алмай пост жазған Анар Төлеухан қызына келейік”, – деп бастады сөзін Баян Мақсатқызының әкесі.

Мақсат Мұхитденов аңыздың бұрмаланбағанын алға тартып, фильмді сынға алған журналист Анар Төлеуханқызына дәлелдер келтіріп берді.

“Аянышты-ақ! Анар  Төлеухан  қызы, журналистсіз  ғой, ендеше, біліп  қойыңыз, ешкім “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына қиянат жасаған жоқ. Бұл эпостың 12-15 шақты нұсқалары болса  керек, башқұрт, алтай  тіліндегілерді санамағанда. Менің  өзімде 8 варианты бар. Сол  варианттардың негізінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу“ деген 6 сериялық телесериал түсірілді. Ал эпостарға қиянат жасау үшін оларды білмеу керек. Фильмнің сценариін жазған адам жырдың варианттарын білмеді  деп айта  алмаймын.

Меніңше, біреуді нақақтан-нақақ  күйдірмеу үшін, айтып  тұрған  адам  сауатты  болу  керек, нағыз ақиқатына  жүгінсек, кітәп оқуы  керек. Гүлмәрия Барманбекова, міне сіздің сөзіңіз: “Баянның  аузына “Қодарға  тимеймін, әке-шешемнің өзі тиіп алсын” деген сөз салыпты. Ал оригиналға келсек: ”Етегімді  жел ашып  жүрген  емен, Қозыкеден  басқаға  күлген  емен. Әке  неке  қи  дағы тіке  өзің  ал, Елден  бура  салғандай інген емен. Әке, неке қи дағы тіке  өзің ал, Елден айғыр салғандай байтал емен”. Бабалар  сөзі. “Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу”. Молла Рахым  нұсқасы. 127 бет. Ал шындық  қайда  жатыр – жырды ардагер журналист біле ме, әлде  сценарист біле ме?! “Қуырдақтың  көкесін – түйе  сойғанда көресің”. Бұл пайымдаулар журналист Анар Төлеуханқызына тиесілі. Бірақ сол Сұлтан  Қадір  замандасым  айтқан “өрекпе  сөз, даңғой  тұжырым»: “Қарабайдың алдында ұзын шапандарына сүрінген мауыздай 3 еркек ойбайлап жатыр. Отардан 5-6 қой ұрланыпты. Кəріне мінген бай үшеуін де ұрып-соғып, тауып орны толтырылмаса, ақысын өнідіретінін айтып сабап жатыр. О заманда, бұ заман бір отар қойды 3 адам бағып, қой алдырғанын кім естіген? Ал осы жерде Баян əкесіне сөйлейді. «Өздері өлейін деп жүрген жалаңаяқ кедейдің қай малын алмақсың?» Бойжеткен қыздың əкесіне емес, мыңғыртып мал айдатқан бай баласына ойын өктем жеткізетін бір елдің анасы – үлкен ақыл иесі бəйбішенің, оралымды ойына маңындағы жұрттың тыныштығы бірінші оралғанда шеше ғана көп көзінше тіліп айтар сөз. Баянның сөзі деп тыңдай алмайсың. Ол аздай «ұрыларды артынан қуып, тартып алу керек» деп өңмеңдеп, əкесін тыңдамай атқа қонып, тасырлап, жолындағысын жапырып, үлкен-кішіні жасына қарап айырмайтын, ат төсімен кімді де болса қағар есерлеу, əкесіне түйеден түскендей қатты сөйлеген бейəдеп Баян мен жырдағы Баян арасын салыстыра ойлаудың өзі күнəдай”.

Құрметті Анар Төлеуханқызы, Қарабайдың қандай қатігез адам екені туралы айтудың  қажеті  жоқ, ал  бір  отар  қойды  үш  адамның  бағуы фантастика  жанрынан емес, тіпті  о заман  да  бұ заман  да  емес, күні  кеше бір  отар қойды бір жанұя болып баққан жоқ па! Ал “кинодағы – әкесін  тыңдамайтын, өңмендегіш, үлкен-кішіні айырмайтын, есерлеу, бейәдеп Баян мен жырдағы Баян арасын салыстыра ойлаудың өзі – күнәдай” – депсіз. ”Күнәдай” болмасын салыстырып көрейік.

 Біріншіден Баян байдың  жалғыз  қызы (детсад  тәмәм).  

«Баянды  еркеш  дейді, аты – Еркеш, Көп  қойды бастайтұғын көсем серкеш. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу”. Бекмұрат  Мақанов  нұсқасы. Бабалар  сөзі. 55 том. 214бет.

“Баянды Еркеш дейді еркелетіп, Кигені – кәмшәт бөрік, күміс етік”. «Қозы Көрпеш – Баян  сұлу”. Бекмұрат  Мақанов  нұсқасы. Бабалар  сөзі. 55 том. 223 бет.

Екінші, бейәдеп Баянның әкесімен арадағы диалогты қараңыз. “Жүк түсіріп, үй тігіп  жатқанында, жүгіріп  Қарабайға  Баян  келді. Әке бір дерт жабысты  маған, – деді, Шығарғалы  келіп ем  саған, – деді. Ішім  толып  барады қайғы-дертке, Дерттің емін тауып  бер маған, – деді. Балам-ау, не дерт  саған болды, – деді, Дерт  жабысты дегенің жаман, – деді. Қыз бала қонбай қырға  шықпас  болар, Дертіңнің  мәнісін  айт маған, – деді. Тазшаның  қиуадан табылғаны, Қой жусап ойпаң жерге аңырғаны. Қой өңгеріп санымнан шымшып  алды, Тазшаның шымшығаны не қылғаны? “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” Дәндібай Айтбаев  нұсқасы. Бабалар  сөзі. 55 том .41 бет.

Үшіншісі тіпті кинодағыдан  да асып  кетті. Баян қанішер. “ Қара  күңнің көргенін Баян  білді, Ұйқылы – ояу сескеніп  тұра  келді. «Барып әке – шешеме айта ма» деп, Сезіктеніп бұл  күңді өлтіреді. Қоңқабай Мейірманұлы нұсқасы. Бабалар  сөзі. 55 том.  172 бет.

Құрметті, Анар Төлеуханқызы, мына  дәлелдерден  кейін жырдағы Баян  мен кинодағы  Баянды шатастырып алғаныңыз үшін «Қозы-Көрпеш» телесериалын түсіргендерден кешірім сұрайды-ау деген жаман  ойым болып  тұр. Жаныңызға Иса ғ.с. мен Барманбекованы ертіп алғаныңыз дұрыс  болар  еді”, – дейді Мақсат Мұхитденов.

Жіберіп алмаңыз:

Жаңа жыл жаңа фотосессиядан: Отандық жұлдыздар отбасылық суреттерін жариялады (фото)

Танымал журналист: Баян біздің ақшамызды алып, үрім-бұтағымен шетелге кетті

Кәмшат Жолдыбаеваны актермен “сүйістіріп қойған” Ұлттық арна халық сынына ұшырады

Байзақованы киноға түсірген Азамат Сатыбалды оның арсыздығына қатысты пікір білдірді

Талқылау