Баян Мақсатқызы: Жасаған ісіме ұялмаймын да, өкінбеймін де
Танымал продюсер өткен іске өкінбейтінін және ұялмайтынын мәлімдеді. Ол әр адамның бұл өмірге махаббат үшін келгенін айтты.
365info-ға берген сұхбатында Баян Есентаева уақытты кері қайтару мүмкін болған күннің өзінде іс-әрекетін өзгертпейтінін жеткізді.
“Мен дұрыс емес жасадым деп ойламаймын. Ештеңеден ұялмаймын да. Өйткені мені махаббат басқарып отыр”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Баян Есентаева әр адамның бұл өмірге махаббат үшін келгенін айтты.
“Мейлі еден жуушы болсын, мейлі мұнай өндіруші миллионер болсын, әр адам бұл өмірден тек махаббат іздейді. Әр адам сүйгенді және сүйікті болғанды қалайды. Бұл адамның өмірге келуінің бірінші мақсаты. Өмірге бала әкелгенде не істейсің? Сен оны жақсы көресің, ал ол сені жақсы көреді. Яғни өмірде барлығы махаббаттан тұрады”, – деп ағынан жарылды Баян Есентаева.
Сұхбат барысында продюсерге: «Махаббат пен отбасыдан артық нәрсе бар ма?» деген сауал қойылды. Баян Мақсатқызы оған жауап беруге қиналатынын жеткізді.
“Дәл қазір маған: «Баян, мені сені сүйемін, сен де мені сүйесің, бірақ сен тұлға ретінде дами алмайсың» дейтін болса, мен ойланар едім. Өйткені, Құдай сақтасын. Махаббатқа беріліп тұлға ретінде өзін жоғалтып алған әйелдер көп. Өте көп әйелдерді білемін. Олар талантты, ақылды. Алайда олар махаббаттарының артында тұрып, өздерін жоғалтқан. Ал олардың ерлері өздеріне басқа әйел тауып алған.
Барлығы үйлесімді болуы керек. Екі адам бір-біріне сай келсе, оларда ортақ әңгіме болса, екеуі де мамандық жағынан қалыптасқан болса, ондай адамдарға өте жеңіл. Және менің қазіргі қарым-қатынасым дәл осындай. Өзімнің кім екенімді, не істегенімді оған дәлелдеудің қажеті жоқ. Оған да солай. Біз мүлдем басқа нәрселер туралы сөйлесеміз”, – деп түйіндеді сөзін Баян Есентаева.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева: Шоу-бизнесте тоқалдар көп
Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсетпек (видео)
Тоқтар Серіков: Әншіден жанды дауыста ән сұрайтын депутаттардан шыншыл болуды талап етемін
Арбаға таңылған орыс баласы Қайрат Нұртастың әндерін жатқа айтып тамсандырды (фото)