Баян Мақсатқызы телеэкранға қайта оралды (фото)
Баян Мақсатқызы отандық телеарналардың бірінде бағдарлама тізгінін ұстады. Продюсер телеэкранға қайта оралғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Өткен жаз танымал продюсер үшін қиындықтарға толы болды. Десе де, Баян тағы да бір рет өзінің мықты әйел екенін дәлелдеді. Бірнеше айдың ішінде аяққа нық тұрған ол продюсерлік әрі тележүргізушілік қызметіне қайта кірісті. Бұрынғы күйеуіне кешірім беріп, болашаққа үмітпен қарайтынын, өз бақытын іздейтінін мәлім етті.
Продюсердің қарамағандағы әншілер өз жұмысын жалғастырып жатыр, одан бөлек Мақсатқызы жаңа кино түсіретінін де жасырмады. Сондай-ақ, махаббат символына айналған Гүлназ бен Оралдың хикаясын («Махаббат бекеті» фильмі) жалғастыратынын мәлімдеді. Ол аздай, Баян Мақсатқызы телебағдарлама жүргізетін болды.
Халық продюсердің мықтылығына, қайтпас қайсарлығына қайран қалуда. Өнердегі әріптестері мен туыстары оның мейірімді жан екенін жарыса жазуда. Мәселен, продюсердің сіңлісі Бағым Мұхитденова әпкесін “батырға” теңесе, актриса Айгүл Иманбаева Баянның шынайылығын атап өтіп, әріптесін жақсы көретінін айтты. Продюсердің құрбысы, тележүргізуші Мәдина Балғабаева балаларының әкесін кешіре білген Баянның данагөйлігін, парасаттылығын атап өтті.
Айтпақшы, продюсердің Instagram-дағы оқырмандар саны 2 миллионнан асты. Бұл танымал продюсерге деген қызығушылықтың арта түскендігінің белгісі болар. Қателеспесек, мұндай межеге әлі бірде-бір қазақстандық жұлдыз жеткен жоқ. Продюсер желідегі парақшасында оқырмандарына алғыс айтып, мойнына үлкен жауапкершіліктің артылғанын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызының күйеуі қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды
Тыңдаңыздар! Мәдина Сәдуақасова Мейрамбек Беспаевпен дуэт айтты (фото, видео)
Ақерке Бүркітбайдің сұлулығы Нью-Йорк назарына ілікті (фото)
Қонарова “Ninety one” тобын атақты “The Beatles” тобына теңеді