Баян Мақсатқызы соңғы 15 жылда душқа жалғыз түспегенін айтып жұртты күлдірді
Баян Мақсатқызы жұрттан жасырған құпиясын бөлісті. Продюсер соңғы 15 жылдан бері душқа немесе моншаға жалғыз өзі түсіп көрмеген екен.
Сурет: Баян Мақсатқызының жеке парақшасынан алынды
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Баян Мақсатқызы әлі күнге дейін қараңғы кеңістік пен әруақтардан қорқатынын айтып сүйіктісін күлдірді. Көпшілік сырт көзге қатал болып көрінетін продюсерден мұндайды күтпеген-ді.
“Кез келген адам секілді мен балаларымның алдында кетуді армандаймын. Олардың ұзақ өмір сүргенін қалаймын. Ата-анам ұзақ өмір сүргендерін, махаббаттың мәңгілік болғанын қалаймын. Ал жалпы тарақандардан, шегірткелерден, жыландардан, қой, сиыр, ат секілді үлкен жануарлардан қорқамын. Мұнымен қатар, қараңғы бөлме мен душқа жалғыз түсуден қорқамын. Мысалы, душқа жалғыз түскен кезім болмапты. Сол жерде әруақтар жүретіндей болып тұрады. Бұл сөздерімді қызым растайды. 15 жыл бұрын душта әруақ пайда болатын фильм көрген едім. Содан бері қатты қорқамын. 15 жылдан бері душқа да, ваннаға да, моншаға да жалғыз түсіп көрген емеспін”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Жіберіп алмаңыз:
Алуа Қонарова әріптесі Баянның кітабы туралы ойымен бөлісті
“Ninety one” тобы: Димаштың стилі біздің ACE-тікіне ұқсайды
Айсәуле Бақытбек көліктің үстінде жаттығу жасаған видеосын бөлісіп жігіттерді еліктірді (видео)
Диана Шарапова қырқынан шыққан сәбиінің суреттерін көрсетіп жұрттың жүрегін елжіретті (фото)