Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Шаршадым. Мен де пендемін ғой

Баян Мақсатқызы ғұмырнамалық кітабын Таиланд елінде жүріп жазған екен. Аталған кітапты жазуға көмектескен редакторлар оның бастан кешкен оқиғаларын тыңдап отырып, көздеріне жас алған. Продюсердің өзі де сол сәтте көз жасына ерік бергенін айтып жатыр. Мұнымен қатар, продюсер жұрттың жеке өміріне деген қызығушылығынан қатты шаршағанын сөз етті.

19429156_821349498041033_71849099145510912_n

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/?hl=ru

Бұл туралы “Мұхит Сапарбаевпен” сұхбат бағдарламасында айтылды.

“Мені жақсы көретін және жек көретін адамдарға өмірімнің қызық екенін түсінемін. Олармен өмірге деген көзқарасыммен, жеке дүниетанымыммен бөліскім келді. Адамдардың маған деген көзқарастарының әртүрлі екеніне түсіністік танытамын. Өздеріңіз көріп отырғандай, олардың маған деген қызығушылықтары мені айналып өткен жоқ. Шығармашылықпен айналысқан 20 жылда өмірлік тәжірибе жинақтап, түрлі оқиғаны бастан кешірдім. Оның үстіне БАҚ та менің өмірімді жіті бақылап отыр. Ақырында осы кітапты жазбасқа амалым болмады. Маған 10-20 шақты адамның мені түсінгені жеткілікті.

Осы кітапты жазып жатқан уақытта Таиланд еліне бардық. Өзіммен бірге екі редакторды алып, сол жақта 10 күн болдық. Күнделікті екі редактордың алдында тоқтамай сөйлей бердім. Менің әңгімемді тыңдап отырып редакторлар да, мен де жыладық. 10 күннің ішінде қатты қиналып кеттік. Бека мен Аня “Баян, өміріңізде қызықты сәттердің мұншалық көп болғанына біз қатты таңқалып отырмыз. Арасында жақсы да, жаман да сәттер болған екен” деді. Олардың көздеріне жас алғандарын көріп, мен де жылап кеттім. Себебі, бұл менің өмірім. Сіз де таңғы сағат беске дейін ұйықтамағаныңызды айтып жатырсыз. Кітапта жазылғанның барлығы – шындық. Өзім туралы ащы шындық.

Сұхбаттарымның бірінде осы кітап жарыққа шыққаннан кейін бір жылға тақырыпты жапқым келетінін айтқан болатынмын. Жеке өміріме қатысты ғана емес, жалпы өзіме қатысты да айтқым келмейді. Себебі, мен шаршадым. Мен де пендемін. Махаббатпен, шабытқа толы өмірімді улайтын адамдардың ортасында өмір сүріп келемін. Қоғам да, танымалдар да, журналистер мен БАҚ та менің өмірімді улап келеді. Мен жүйкесі бар тірі адаммын, әйелмін. Шаршағаным соншалық, бар сұраққа осы кітап арқылы жауап бергім келеді. Ал адамдардың мені түсініп-түсінбей қалатыны менің шаруам емес. Дәл қазір соңғы сұхбаттарымның бірін беріп отырмын десем де болады. Әрине, із-түссіз жоқ болып кетеді екен деп ойламаңыздар. Менің әлеуметтік желіде парақшам бар. Өмірім, балаларым, отбасым және жұмысым бар. Олар туралы парақшамда жазып отыратын боламын. Бірақ, бір жыл көлемінде жұртқа Баян Есентаеваның кім екенін түсіндірмеймін деп шештім”, – дейді Баян Мақсатқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Бұрынғы күйеуіме ешуақытта дауыс көтерген емеспін

Қайрат Нұртас өнердегі сүйікті ағасымен көптен күткен бейнебаян түсірді

Мейрамбек Беспаев: Құдай сақтасын, біреуді жамандаудан аулақпын

Мейрамбек Беспаев комедия жанрындағы мюзикл әзірлеп жатыр

Талқылау