Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Мен біреудің иті, ал Тұрсынғали біреудің бұзауы емес

Баян Есентаева”отбасылы ер адамды тура жолынан тайдырды” деп сынайтындарға жауап берді.

18644874_113497195902110_5691990470851297280_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ержан Рашевқа берген сұхбатында танымал продюсер біреудің отбасын бұзу дұрыс емес іс екенін түсінетінін мәлімдеді. Бұдан өзге, Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы әйелімен түсінісе алмай, ажырасып кеткеніне өзінің кінәлі еместігін жеткізді.

“Мен оның мойнына жіп байлап, өзіммен алып кеттім бе? Ер адам өзі шешім қабылдайды. «Дәл қазір бәрін тастап кет» деп айту үшін мен өте ақылды әйелмін. Жоқ, әрине. Мен шешім қабылдадым, сол сияқты ол да өз бетімен шешім шығарды. Ешкім ешкімді алып кеткен жоқ.

Мен біреудің иті, ал ол өзгенің бұзауы емес. Сондықтан біреу біреуді алып кетті деу – шындыққа жанаспайды”, – дейді Есентаева.

Продюсердің айтуынша, біздің қоғамда кез келген іске әйел затын кінәлау – қалыпты нәрсеге айналған.

“Әрине, бар кінәні, жауапкершілікті әйелге қарай итере салған оңай. Әйл – жаман, ал ер адам – жақсы деу… Ер адам кетіп қалса, әйел алдымен өзінен: “Мүмкін мен бірдеңе істеп қойдым? Ол неге кетіп қалды?” – деп сұрауы керек.  Яғни екі адам ұрысып қалса, екі адам да кінәлі болады.

Бұл жерде мен жауапкершіліктен қашып отқан жоқпын. Мәселен, менің некемнің сәтті аяқталмағанына мен де кінәлімін”, – деп ағынан жарылды Баян Мақсатқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева бұрынғы күйеуіне махаббатсыз тұрмысқа шыққанын айтты (видео)

Гүлзира Айдарбекова “Қайрат фонограммамен айтады” деп сынайтындарға жауап берді

Әнші Әдемі итальяндық жігітін тастап, түркиялық кәсіпкермен көңіл қосты

Нұрқаділова отбасылы сүйіктісі мен Мақпал Жүнісоваға қатысты сындарға жауап берді

Талқылау