Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы күйеуінің өзін не істеуге мәжбүрлейтінін айтты

Баян Мақсатқызы екінші күйеуінің өзін не істеуге мәжбүрлейтінін айтып күлдірді. Бүгінде продюсер күйеуімен бірге спортпен белсенді түрде шұғылданатын болған екен. Мұнымен қатар, ол жастық шағының құпиясын бөлісті.

21435349_131394104153248_3239489296440229888_n

Сурет: Баян Мақсатқызының жеке парақшасынан

Бұл туралы aktobetimes.kz басылымы хабарлайды.

– Жастығыңызды сақтап қалудың құпиясы бар ма?

– Мен өзіне 8 наурыз күні ғана күтім жасайтын қыздардың қатарынан емеспін. Күн сайын, жыл сайын өзіме күтім жасаймын. Әжімдерге қарсы кремді алғаш рет 20 жасымда сатып алған болатынмын. 5 жылдан кейін жасым 25-ке келетінін жақсы түсінетінмін. Жылдам қартайып кетемін деп қорқатынмын. Құрбыларымның беттеріне 30 жасқа толмай жатып әжім түсті. Ал менің бетімде әлі күнге дейін әжім жоқ. Олар күні бүгін ботекске барып жүр. Ал мен мұны қолданбаймын. Мен ине салдыратын күндерді барынша алыстатқым келеді. Уақыт өзінікін алады. Сол себепті, ерте ме, кеш пе мен осы инелерді салдыратын боламын. Меніңше, әрдайым 10 жылға жас көрінуге болады.

– Спортпен шұғылданғанды жақсы көресіз бе?

– О, жоқ! Керісінше Тұрсен тауға шығып, сөмкемен кірпіш арқалағанды, үнемі 6 км өрге шыққанды жақсы көреді. Әр сенбі мен жексенбі күндері Тұрсен “Тауға жинал. Мен ешнәрсе білмеймін, сен бәрібір тауға барасың!” деп айтады. Біз осылайша өмір сүреміз. Мен ешуақытта спорттық дүкендерге барып көрген емеспін. Міне бір жарым жылдан бері кроссовка сатып алуға үгіттеп келеді. Бұрын гардеробымда туфли, сөмке дегендер көп болатын. Ал қазір ол жерде спорттық аяқ киімдер өте көп. Мұны көрген Тұрсен “Ой, неткен әдемі еді!” дейді.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы 3 айда қанша кітап сатып үлгергенін айтты

Сәкен Майғазиев тұңғышына келін іздеп жүр

Айдана Меденова неліктен өзі уәде еткендей сәнгер болмағанын түсіндірді

Динара Сәтжан латын әліпбиі арқылы қазақ тілін жетік меңгеріп алатынын айтты

Талқылау