Айдана Меденова неліктен өзі уәде еткендей сәнгер болмағанын түсіндірді

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 9:23

Кезінде ендігі болашағын әнмен емес, сән әлемімен байланыстырған Меденова сәнгер болатынын айтып, дүйім жұртқа жар салған болатын. Алайда Айдананың киімдер топтамасы әлі күнге дейін көпшілік назарына ұсынылмады. Мұның себебін әншінің өзі түсіндірді.

21820200_363214047448496_8150894664111620096_n

Сурет: Айдана Меденованың жеке парақшасынан

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“KeshYou-де жұмыс істеп жүрген кездің өзінде топтамамды шығаруды армандайтынмын. Қазір уақытым бар, өзімді сол салаға арнаймын”, – дейді Айдана Меденова осыдан 2 жыл бұрын берген сұхбатында. Жылдар жылжыса да, әншінің сәнгерлік мансабынан еш өркендеу байқалмады. Мұның себебін Айдана Меденованың өзі түсіндірді.

“Сол кезде Әминаға жүкті болдым. Ол жұмысқа қатты уақыт бөлген жоқпын. Қазір екінші рет ана атанып жатырмын. Мұның қаншалықты қиын екенін өздеріңіз де білесіздер. Сәнгерлік мансапты бір сәтте бастай салуға болмайды. Оған көп қаражат керек. Бізде текстильдік бизнес әлі қатты дамымаған”, – дейді ол.

Бір кездері әнші өзін “тоқал” деп атаған отандық басылымдардың бірін сотқа берген болатын. Ал бұл істің соңы не болғаны әзірге беймәлім. “Олардан ешқандай жауап жоқ. Уақыт керек. Оның үстіне көп уақыт та болмады. Ойланып жатырмыз. Яғни бұл істің нүктесі қойылмады”, – дейді Айдана Меденова.


Жіберіп алмаңыз:

Динара Сәтжан латын әліпбиі арқылы қазақ тілін жетік меңгеріп алатынын айтты

Бибігүл Төлегенова: Әлішер деген тараздық өзбек эстрадада неғып жүр?

Жанар Дұғалованың отбасылы әріптесімен көңіл қосқаны рас па?

Ақбота Керімбекова экс күйеулерін ұлдарымен өзі мәжбүрлеп араластыратынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар