Баян Мақсатқызы: Бірнеше адам бірігіп алып, өзгенің еңбегін еш қылды
Атышулы продюсер Баян Мақсатқызы түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясының төңірегіндегі дау әлі саябырсымай тұр. Бұл жолы көпшлікітің тарихи туынды тарапына айтқан сынына продюсердің өзі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» дастаны бойынша фильм түсіру – Баян Мақсатқызының көптен бергі арманы. Продюсердің арманы орындалып, тарихи дастан негізінде телехикая түсіруге рұқсат алған еді. алайда түсірілімі бір айға созылған телехикая көпшіліктің көңілінен шықпай қалып, біраз дау тудырды. Бұл жолы Баян Алагөзовнаның өзі «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» төңірегіндегі дауға қатысты жауап берді.
«Тарих ұнауы да, ұнамауы да мүмкін. Әркімнің талғамына байланысты… Бріақ жылы орында отырып алып, біреудің еңбегін еш қылуға ешкімнің қақысы жоқ. Бір топ адам Фейсбукте 217 адамның қолын жиып, телехикаяны, яғни адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеген жүздеген адамның еңбегін, эфирден алып тастауда сұрапты. Көрсеткішке қарасақ, көрермендер телехикаяны жақсы қабылдаған. Әр бөлімі көрсетілген сайын қызығушылық арта түсті. Бірақ адамдар тыныштала алмады. Олар жалықпастан ашық хатқа қол қоюды сұрап жатты. Тамаша! Ал мен телехикаяны қолдауға шақырып, ашық хат жолдасам не болады? Құрметті достар, егер шығармашылықты қолдасаңыз және дамығанын қаласаңыз, қанатымыз кесілмей, мұнан да жақсы туынды жасағанымызды қаласаңыз, бізді қолдап, есіміңіз бен тегіңізді жазып қалдырыңыз. Бірнеше адам бірігіп алып, өзгенің еңбегін еш қылмас үшін, біздің шығармашылық ұжымды қолдауға, көрермендердің таңдауға құқығы бар екенін жеткізуге шақырамын», – деп жазды продюсер Instagram желісінде.
Өз кезегінде продюсердің желідегі оқырмандарының бірқатары Мақсатқызының ашық хатына қол қойып жатты. Десе де арасында аталған телехикаяның түсірілімі көңілінен шықпағанын айтып, наразылық білдіргендер де табылды. «Баян Мақсатқызы, қарапайым актриса мен актерлерді таңдау өз қолыңызда ғой. Қазақтың сан ғасыр бойы айтып жүрген Баянын үлбіреп тұрған хас сұлуды таңдауға болар еді. Бұл бір. Екіншіден, аке шешесінің бетінен алып, төсіне шауып отырады қызы. Жарайды əр адамның эмоциясы болады, бəрін шынайы қалыпта түсірдік депсіз. Тарихи туынды біркүндік немесе онкүндік емес, ол ұрпақтан ұрпаққа қаларлық мұра. Дүрсе қояр сөздердің орнына, қазақтың керемет сөздерін қосуға болатын еді. Актерлердің шеберлігі де керемет емес.Қозысынан айырылған Баян зар еңіреп жылауы керек еді. Ал сіздер не істедіңіздер? Көзінен жас та шыққан жоқ, осы уақытқа дейін жаудан қашып жүргенде атпаған садағын атты.Ол бірден өліп қалды. Өздеріңізге ыңғайы қалай келді, солай болған. Қозының артынан өзі іздеп кеткен Баянды айтсаңызшы. Нағыз XXI ғасырдың қыздары секілді. Бұл фильмде менің ойымша, сіз өз өміріңізді үйлестірген секілдісіз. Сіз Баянның өзі, Тұрсын – Қозы, Қодар-Бақытбек. Өз кітабыңызда өзіңіз қойған сұраққа жауапты да өзіңіз айтқан секілдісіз… Халықтың алдына шыққан соң əрине мін айтылады. Оны дұрыс түсініңіз», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Оқи отырыңыз:
Баян Мақсатқызы мен белгілі әнші “Қозы мен Баян” телехикаясы үшін дауласып қалды
Димаш Құдайберген Қытай продюсерлік орталығымен 8 жылға келісім шартқа отырған