Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты
Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы үшінші рет ана атанып, қызды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Өнер иесі 2017 жылы кәсіпкер Тұрсен Алагөзовпен шаңырақ көтерген болатын.
“Балаларымның бәрі әдемі. Үшінші қызым да сұлу болды. Күйеу баламыз достарымен келіп кетті. Қызын алып кетуге әкеміз де келді. Бүгін үйге барамыз. Тұрсен, қандай көңіл-күйде тұрсың?”, – деп сұрады жолдасынан продюсер.
Бірінші некесінен екі баласы мен немерелері бар кәсіпкер жас әке болудың қызық сезім екенін айтты.
“Таңнан бері жылап жүрмін. Әлемдегі ең сұлу менің қызым. Күн сайын қызымды ойлаумен болдым. Міне, тағы да жылап тұрмын”, – деді кәсіпкер.
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Айта кетейік, продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек “Қызының қызын бауырына басты” дегендерге жауап берген еді.
Оған дейін Тұрсен Алагөзов бірінші некесіндегі балаларымен қарым-қатынасын айтқан еді.