Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның эксклюзивті сұхбатының жалғасы шықпақ

Танымал продюсер Баян Есентаеваның әріптесі Динара Сәтжанға берген сұхбатының жалғасы шығады. Онда Есентаева алдағы уақытта немен айналысатынын айтып бермек.

20160908090327

Эксклюзивті сұхбатының екінші және үшінші бөлімінде продюсер болған оқиғаны балаларының қалай қабылдағанын айтып, алдағы жоспарларымен бөліседі.

Бұл туралы Kazpravda.kz тілшісіне Есентаеваның құрбысы Динара Сәтжан телефон арқылы айтқан.

Тележүргізушінің айтуынша, Есентаева ел арасында тарап кеткен жалған ақпаратты теріске шығару үшін сұхбатқа келіскен.

«Біз ұзақтығы 23 минутқа созылған сұхбатты ұсынуды жөн көрдік. Себебі халықтың көкейінде сан мыңдаған сұрақтар тұр. Көпшілік Баянның бет-әлпетін көргісі келді, кейбіреулер оқиғаның егжей-тегжейлі мәліметтерін ойдан шығарған, қауесет әңгіме көп. Сұхбаттың бірінші бөлімінде біз оқиғаның басты қатысушысын көрсеттік, сол күні расымен де не болғанын, жақында сот болатынынан ел хабардар болсын дедік», – деді Динара Сәтжан.

Айта кетейік, ашық әңгіменің екінші және үшінші бөлімдері 1-2 аптаның көлемінде ғаламторға шығады.

«Екінші және үшінші бөлімде Баян өз ойларымен бөліседі. Балаларының не ойлайтынын және алдағы уақытта немен айналысатынын айтады. Шамамен 1-2 аптаның көлемінде желіде сұхбаттың екінші бөлімі пайда болады. Сот болатын күн жақындаған кезде шындыққа жанаспайтын деректер мен жалған куәгерлер пайда болды. Сол себепті алғашқы бөлімде зардап шеккен жанның өзі сөйледі», – деп түйіндеді сөзін Сәтжан.

Айта кетейік, Баян Есентаева әріптесі әрі құрбысы Динара Сәтжанға эксклюзивті сұхбат беріп, 10 маусымда болған оқиға туралы өз аузымен айтып берді. Продюсер моральдық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да толық қалыпқа келмегенін айтты. Сондай-ақ, ерлер қауымынан зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қорғау ассоциациясын құру ойында бар екендігін тілге тиек етті. Есентаева күйеуі Бақытбек Есентаевтың казиноға құмарлығын да мойындады.

Атышулы сот отырысы қыркүйектің 14-не, сағат 11.00-ге белгіленген.

Жіберіп алмаңыз: 

“Командир такси” басшысы шабуыл кезінде көлік жүргізушінің неліктен Есентаеваға көмектеспегенін айтты

Есентаеваның күйеуіне қатысты атышулы соттың басталуына тура 8 күн қалды

Бақытбек Есентаевтің ісіне белгілі продюсерді зорлады деген айып қосылды

Адвокат Баян Есентаеваны күйеуінің неліктен аяусыз пышақтап тастағанын айтты

Талқылау