Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның сүйіктісі ерлер қауымына ренішін білдірді

Баян Есентаевамен бірге түскен суретін жариялағаннан кейін кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің желідегі танымалдылығы артты. Бір күннің ішінде оның оқырмандары еселеніп көбейді. Бүгінде оның жазбасын 50 мыңнан аса адам оқиды.

турсынгали баян

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл ретте кәсіпкер өзіне қызығушылық танытқан желідегі оқырмандарына алғыс айтты. Сондай-ақ, өзіне келіп түскен сауалдар жайын сөз етті.

Алагөзов өзінен көмек сұраған жандардың көп болғанын атап өтті. Айтуынша, олардың басым бөлігі балалары үшін ақша сұраған әйелдер екен. Бұл ретте кәсіпкер бар жүкті нәзік жандылардың мойнына артқан ерлерді сынап тастады.

«Аз ғана уақыттың ішінде маған 50-ге жуық хат келіп түсті. Біреу дәрі-дәрмекке, енді біреу мүгедектер арбасына, келісісі баласына ота жасату үшін ақша сұрады. Қарап отырсам, олардың түгелі дерлік балалары үшін ақша сұраған әйелдер. Маған бұл ерсі көрінді. Неге баланың жан қиналысы тек әйелдерді мазалайды? Олардың әкелері қайда? Олар өз балаларынан ұяла ма, әлде бар жүкті әйелдерге артқан ба? Ер адамдардың әлеуметтік, азаматтық жауапкершілігі қайда? Біздің қоғамда балалар жайы неліктен тек әйелдерді толғандырады, осы жайында бірге ойланып көрейікші. Осы сұрақты өзіме де қоямын. Ал сіз не ойлайсыз?» – деп жазады Тұрсынғали Алагөзов.

Кәсіпкердің аталған жазбасы желіде қызу талқыға түсті.

Кейбіреулер баласы үшін ананың көбірек алаңдайтынын, бұл ретте ерлердің жауапкершіліктен жұрдай екендерін айтқан. Ендігілер баланың ана үшін де, әке үшін де орны бөлек екенін, тек әлеуметтік желіде көбінесе әйелдер отырғандықтан көмекті де солар сұрайтынын жеткізген. Кез-келген нәрсенің тәрбиеден бастау алатынын, бұл ретте ер адамды дұрыс тәрбиелемеген ата-анасы кінәлі екенін айтқандар да көп болған. Алғашқы отбасынан ажырасқан кәсіпкерді кінәлай жөнелгендер де табылды. Олардың айтуларынша, көптеген ер азаматтар екінші әйелмен көңіл қосып, әкелік міндетеріне селқос қарайды.

Доброе утро! Мне приятно ваше внимание и интерес к моей скромной персоне, спасибо. За месяц моего пребывание в сети Инстаграм, я как опытный менеджер, конечно сделал определённые выводы, что интересует в большей степени подписчиков?! Но больше всего меня заинтересовали женщины, которые пишут мне в Директ. За небольшой промежуток времени, мне поступило более пятидесяти писем с просьбой помочь, кому-то необходимы деньги на лекарства, кому-то инвалидная коляска, некоторым финансовая помощь на операцию, и все они без исключения, просят за своих детей. Мне показалось странным, почему только женщины? Почему боль и страдания своего ребёнка волнует исключительно женщин? Где их отцы? Им стыдно за своих детей, или они скинули все проблемы на плечи женщин? Где социальная и гражданская ответственность мужчин? Давайте вместе подумаем в чем основная проблема того, что в нашем обществе проблемы детей, волнует только женщин. Этот же вопрос я задаю сам себе. А как думаете ВЫ ?

Фото опубликовано tursen_alaguzov (@tursen_alaguzov)

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай: Хайуан екеш xайуан да өз ана тілінде сөйлейді

Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылуында опера әншісімен ән айтты (видео)

Баян Есентаева Қытайдың үй шаруасымен айналысатын ер азаматтары туралы айтып берді

Баян Есентаева “KeshYou” тобының жаңа құрамын көрсетті (фото, видео)

Талқылау