Баян Есентаеваның көзі қалпына келе бастады (фото)
2016 жылдың 10 маусымында болған атышулы оқиғадан кейін танымал продюсер Баян Есентаеваның бет-әлпеті айтарлықтай өзгерді.
Талай бойжеткендерге сұлулықтың үлгісі болған Есентаева сол оқиғадан кейін өзінің сол жақ көзінен ұялатынын сан мәрте айтты. Тіпті, көпшілік ортада ол көзілдірікпен жүруді әдетке айналдырды.
Ол оқиғадан бері 8-9 ай уақыт өтті. Танымал продюсер бұл аралықта талай дәрігердің, емдеу орталықтарының табалдырығын тоздырды. Ол физикалық тұрғыдан денсаулығын әжептеуір қалпына келтіріп алды. Енді, міне ажарын қайтару үшін Есентаева инновациялық медицинаның көмегіне жүгінді.
Бұл туралы продюсердің өзі жазды: “Инновациялық медицинаны көріп жатырмын, көзді бірдеңе қып қалпына келтіру керек”.
Бұған дейін Есентаеваның жаңа сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовпен қалай танысқанын жазған болатынбыз.
Жіберіп алмаңыз:
Лидо үйсіз әрі аш-құрсау балаларға тамақ алып берген
Витас: Жеке өзім сотқа барған жоқпын. Алдағы уақытта да бармаймын
Лаки Кесоглу: Витастың мүмкіншілігі Димаштікінің жанында түк емес
Жартылай жалаңаш трансвеститпен суретке түскен Сиви елді шошытты