Баян Есентаеваның кіші қызы музыкалық мектепті үздік бітірді (видео)
Баян Есентаеваның үлкен қызы Айсәуледен қарағанда, кіші қызы Айару өнерге, шығармашылыққа жақын. Айару музыкамен (фортепиано), бимен айналысады. Ал оның аспаздық шеберлігін бүкіл ел біледі.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Баян Есентаева қыздарының өнерге жақын болғанын армандайды. Танымал продюсер кезінде қарамағындағы әншілерден көңілі қалған сәтте өз перзенттерінің ән айтпайтынына өкінген де еді. Күні кеше өкінген продюсер енді кіші қызын мақтан тұтатынын айтты.
Есентаеваның кіші қызы Айару жеті жылдық фортепиано мектебін бітіріп, анасын жетістігімен қуантты. Баян Мақсатқызы желідегі парақшасына қызының фортепианода ойнап отырған сәтінен видео жүктеп:
«Осындай сәттерде оны мақтан тұтамын. Мемлекеттік емтиханды беске тапсырды. Күнім менің, құттықтаймын!» – деп жазды.
Бұдан кейін танымал продюсер ұстаздардың Айару туралы пікірін жария етті.
«Айаруша, сені мемлекеттік емтиханды тапсыруыңмен құттықтаймыз. Тағы бір жылды лайықты түрде аяқтадық. Педагогтарға алғысым шексіз. Айарудың бастамасы да жақсы болатын. Осынша жылдан бері жақсы жаттығып келді. Мінезі де болды, бірақ педагог өз ісін атқарды. Маған бірнеше рет алып келді, ештеңе етпес, әйтеуір балаға қолынан бәрі келетінін айтып, сендіре алдық. Өте талантты әрі музыкаға икемді қыз. Маргарита Валентиновна айтқандай, әр туынды өз дәуірін көрсетті», – деп мақтады музыкалық мектептегі ұстаздардың бірі.
Публикация от Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)
Жіберіп алмаңыз:
“Бесінші нүктесін” сөз еткен Луина желіні шулатты
Айгүл Иманбаева ескі көйлектерін сатып жүр (фото)
Динара Сұлтан әйгілі голливудтық фильмнің саундтрегін орындап, көпті тәнті етті (видео)
Ақбота Керімбекова күйеуімен бал айын өткізуге шетелге кетті
Сәкен Майғазиев: Димаштың әлем әншісі болатынын білгенде, сэлфиді өзім-ақ жасар едім