Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваға Iphone-8 телефонын сыйлаған Бүркіт сынға ұшырады

Әнші Бүркіт атышулы продюсер Баян Есентаеваға соңғы үлгідегі Iphone 8 телефонын сыйға тартып, жұрттың талқысына түсті. Желі оқырмандары Бүркіттің мұндай бағалы сыйлықты атақты продюсерге не үшін сыйлағанын түсінбей дал, деп хабарлайды Stan.kz. 

Бүркіттен алған сыйы жайында Баян Мақсатқызының өзі айтып берді.

“Достарыңнан сыйлық алған сондай күшті. Бүркіт, көп рахмет саған, екеуміздің достығымызға да 20 жыл толып қалыпты. Ал ертең сенің “Апан” атты фильміңнің тұсаукесеріне барамыз, тек сәттілік тілеймін”, – деп жазды ол инста-парақшасында.

Желі оқырмандары Есентаева Бүркіттің фильміне жарнама жасағаны үшін бағалы затқа ие болды деп топшылады.

“Бүркіт аға, күштісіз ғой”, “Жарнама үшін алған ақыңыз ба?” “Жарнамаңыздың құны сұмдық қой”, “Фильмге жарнама жасағаны үшін берген шығар”, – деп пікір білдірді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар: Концертім болған күні әйелім үйді қарауылдап отырады

Жұлдыз Өмірғали желіге сәбидің бесігін не себепті салғанын ашық айтты

Қаржы пирамидасына алданып қалған Бүркіт халықты сақ болуға шақырды

Анамның орнын әкем басты: Ділназ Ахмадиева әкесінің қамқорлығы жайлы айтып, көз жасын көлдетті (видео)

 

 

Талқылау