Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева жұрт алдына көзілдіріксіз шықты (фото)

Баян Есентаева қоғаммен қайта тығыз араласып, жұрт алдына көзілдіріксіз шыға бастады. Бұл жолы ол Алтынбек Рахметов, Ерік Тастамбеков сынды әріптестерімен ЕМА марапаттау рәсіміне барды.

image

Фото: instagram.com/altynbekrakhmetov/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Баян Есентаева осы уақытқа дейін “Аналар үйіне” барып, ауыр соққыдан кейін алғаш рет қоғаммен араласа бастаған-ды. Енді міне продюсер әріптестерімен бірге ЕМА марапаттау концертіне барды. Мұнымен қатар, ол Алтынбек Рахметов, Ерік Тастамбеков сынды әріптестерін өз көлігімен жеткізіп салды.

“Бүгін көлік айдамаймын. Менің жүргізушім Баян Есентаева болады”, – дейді Алтынбек Рахметов. Бұл суретті көрген желі қолданушылары продюсердің бұрынғыдай қоғам өмірімен тығыз араласа бастағанына қуанып қалды. Жылы лебіздерін жеткізіп, зор денсаулық тіледі.

“Баян апай сіз үшін қуаныштымын. Әрқашан осылай жүре беріңіз. Сіздің әдемі суреттеріңізді сағындық”, “Өзін жақсы көретін әйел дәл осылай тапқанын өзіне шашады”, “Баян жұмысына аман-есен оралыпты”, “Баян, расымен, жарадың! Басқа әйел болса елдің сөзі деп шықпай жатушы еді. Бірақ, әрине, жан-жарасы жазылып кетті деп айту қиын. Дегенмен мықты, жігерлі екен. Өзіңе денсаулық, жүрегіңе тыныштық тіледім” дейді желі қолданушылары.

1

Кей адам продюсер мұрнынан бөлек, өзге дене мүшесіне де пластикалық ота жасатты деп болжады. Енді бірі ауыр соққыдан кейін қартайып кеткендігін жеткізді. “Жолдасымен болған жағдайдан соң ол қатты өзгеріп кетті. Мұның барлығы жан-дүниесіне де, сырт келбетіне де қатты әсер етті. Оған жаным ашиды. Маған жабылмауларыңызды сұраймын, бар болғаны өз ойымды ашып айттым” дейді Салтанат есімді бойжектен.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әнші ислам дінін қабылдап, мұсылман киімін шығарумен айналыса бастады (фото)

Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы бар екені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Дариға Назарбаева Баян Есентаеваға қолдау білдірді

 

Талқылау