Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева тегін өзгертпейтін болды

Баян Есентаева күйеуімен арада болып жатқан оқиғаларға қарамастан, өзінің тегін өзгертпейтіндігін айтып өтті. Мұнымен қатар, ол жолдасымен сөйлесіп, дос болып қалу туралы шешім қабылдаған екен.

горнперр

Фото: Новости – 1.kz

Бұл туралы ол блогер Элвира Ерғалиеваға берген сұхбатында айтқан.

Блогердің инстаграм парақшасында Баян Мақсатқызымен болған видеосұхбат жарияланды. “Баян Мақсатқызы, жоқ, Баян Есентаева күйеуін кешіріп, əйелдердің құқығын қорғайтын ұйым ашу туралы идеясын ұмытып кеткен жоқ. Əлі қолға алады. Айтпақшы, Баян ханым фамилиясын ауыстырмайды, “Есентай продакшн” да атын ауыстырмайды”, – деп жазды Ерғалиева өз парақшасына.

Бұдан өзге Баян Мақсатқызы күйеуін кешірудің өзіне қиынға соққанын айтып өтті. Мұны бірінші кезекте балалары үшін жасағанын да жасырмады. “Оның абақтыда отырғанына төрт ай болды. Меніңше, түрмеде бір күн отырудың өзі қиын”, – дейді ол. Баян ханымның бұл шешімін естіген жұрт шулаған-ды. Десе де, продюсер қандай жағдай болса да, өзінің шешімін өзгертпейтінін айтып өтті.

“Меннен үлгі алғанды ешқашан қаламайтынмын. Мен қарапайым адаммын. Мұндай шешім қабылдап жатқанда адамдардың пікірлеріне сүйенгенім жоқ. Себебі, бұл менің отбасым, менің қарым-қатынастарым. Және экранның ар жағындағы ешбір адам менің өміріммен өмір сүрмейді”, – деп қорытты.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Мен бұрынғы күйеуіммен дос болып қалғым келеді (видео)

Петропавлда ер адам сатушы қыздың басынан бір ұрып киім дүкенін тонап кеткен

Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?

Психологиялық тест: Сіз қаншалықты сараңсыз?

Талқылау