Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды (видео)

Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды. Танымал продюсер қала орталығында ағып жатқан өзен жағалауының лас күйде жатқанына алаңдаушылық білдірді.

18646352_457790921235900_2540929680542793728_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Мына тұрғын-үй кешенінің жанында Есентай өзені ағып жататын (дұрыс айтқан болсам), былтыр ғана бұл жер таза әрі әдемі еді, ал қазір лас шалшыққа айналған. Соған қарамастан өзен жағалауында адамдар серуендеп жүр. Себебі неде екен? Қыста өзен ақпайды, ол түсінікті, ал жазда неге ақпайды? Муниципалдық қызметтің басшысы ауысты ма әлде қалай? Еліміздің ең әсем қаласының жайнап тұрғанын қалар едім», – дейді Баян Мақсатқызы.

Өз кезегінде қоғамдық мәселені көтерген продюсерге желі оқырмандары алғыс айтты.

“Сіз айтпасаңыз, қарапайым халықты елемейді”, “Дұрыс ескерту жасадыңыз, Баян. Бұл уақытша деп сенейік. Қаламыздың ресми өкілдері мұны назарға алатын шығар”, “Бюджеттің барлығы ЭКСПО-ға кеткендіктен, қалада ештеңе жасалмайды”, “Жарайсың Баян, ол халықтың қызы”, “Бізді де осы сұрақ алаңдатып отыр, Баян”, – деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Диана Шарапова қырқынан шыққан сәбиінің суреттерін көрсетіп жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)

Әнші Әдеміні сүйіктісі “пышақтап, өлтіре жаздады” (видео)

Баян Мақсатқызы: Жаратушы ғана барлығын кешіре алады

Талқылау