Баян Есентаева сыртқы келбетін сынға алған желі оқырмандарына жауап берді (фото)
Баян Есентаева сыртқы түр-әлпеті мен дене бітіміне сын тағатын желі оқырмандарына жауап берді. Желі оқырмандары оның бетінде орын алған өзгерістер мен салмағының азайып кеткендігін жиі еске салатын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Баян Есентаева өзінің 47 келі салмағына толықтай көңілінің толатынын, сондай-ақ, бет әлпеті үшін қатты қайғырмайтынын жеткізді.
«Қазіргі уақытта жүйкеме ештеңе де әсер етпейді, тіпті менің қалпына келмей жатқан көзім де. Оның бәрі ұсақ-түйек нәрселер. Дәл қазір және осы жерде бақытты болуымыз керек, себебі бізге басқа өмір берілмейді, ал мен өзімді бар қалпымда жақсы көремін», – деп жазды танымал продюсер.
«Қатты арықтап кеткенімді жалқау адам ғана есіме түсірмеген шығар. Үнемі есіме салып жүретіндеріңізге рахмет, өзім білмей жүр едім. Шынымды айтсам, қазіргі 47 келі салмағым өзіме ұнайды, әзірге салмақ қосар ойым жоқ.
Неге үнемі оң жақ бетіммен суретке түсемін десеңіз жауап берейін: Қазіргі уақытта сол жақ бөлігімнен қарағанда оң жақ бөлігім көбірек ұнайды, өйткені көңіл-күйім сондай. Көңіл-күйім өзгере салысымен, тікесінен суретке түсемін, оның басқа ешқандай себебі жоқ», – деп жалғады сөзін Есентаева.
Жіберіп алмаңыз:
«Музарт» тобының ізбасарлары анықталды
Ninety one әншісі сахнада түшкіріп артынша акробатикалық жаттығу көрсетіп жіберді (видео)
Ләйлә Сұлтанқызы құрбысы Гүлнұр Оразымбетованы жаңа бейнебаяны үшін сынап тастады
Мақпал Исабекова аяқсыз қалған бойжеткен үшін парақшасын сатты