Баян Есентаева ауыр жарақат алғалы алғаш рет кезекті жазбасын бөлісті
Жан сақтау бөлімінде жатқан Баян Есентаева өзіне қолдау білдерген жандарға алғыс айтты. Мұнымен қатар, әлі талай жобаның басын қайыратынын тілге тиек етті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап, ауруханаға түскен болатын. Ота жасалған продюсер 13 күннен бері өзінің инстаграм парақшасына жаңа сурет салмаған-ды. Ол бірер минут бұрын барша қазақстандыққа алғыс айтқан жазбасымен бөлісті.
“Бұлттан кейін күннің шығатыны анық! Мен мұны әрдайым білетінмін! Күннің бетін найзағаймен, бұлттармен жауып қоюға болады. Десе де шуақты күннің сәулесі ғана мұндай кедергілерге қарамастан жарқырайды!
Мен Сіздерге маған көрсеткен қолдауларыңыз үшін, түсіністік танытқандарыңыз үшін, дұға-тілектеріңіз бен мейірімділіктеріңіз үшін алғыс айтамын! Менің өмірім, арманым мен үмітім тек жақсы сәттермен байланысты болмақ! Сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында әлі өмір сүріп, жобалар жасап, сүйгім келеді!” – дейді Баян Есентаева.
Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары продюсерді сағынғандарын жеткізді. Оған денсаулық тілеп, әрдайым қолдау көрсететіндіктерін де айтты.
Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер ертең ауруханадан шығарылмақ.
Жіберіп алмаңыздар:
Баян Есентаева орнынан тұрып, жүре бастады
Астаналық Баян Есентаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады
Куәгер Баян Есентаеваны ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын айтып берді