Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева өзіне тап берген бойжеткен туралы айтып берді

Баян Есентаева сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовпен бірге кинотуындының тұсаукесеріне қатысты. Олардың кешке келгені сол еді, белгісіз ару продюсерге тап беріп, айқайға басты.

Есентаева_160217

Баян Есентаева болған оқиға туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына айтып берді.

“Ол менің жаныма келіп, беймаза күйде “телефоныңызды беріңізші” деді. «Бойжеткен, ренжімеңіз, бұл менің жеке телефоным», – деп едім, маған: «Телефон нөміріңізді беріңізші, маған шұғыл түрде керек», – деді, одан кейін өзімен өзі дірілдеп кетті. Болды, одан кейін айқайлай берді.

«Мені сіз ғана құтқара аласыз. Мені киноға түсіруіңіз керек. Мен актрисамын, мен таланттымын», – дейді. Кешіріңіздер, адамның психикалық ахуалы осындай тұрақсыз болса, кешіріңіздер…” – деп түйіндеді сөзін танымал продюсер.

Есте болса, есірігі ұстап, продюсерді бас салған бойжеткеннің видеосын жариялаған болатынбыз.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақтың үш асыл ұлы бір әйелге ғашық болған

Айсәуле Бақытбек енді күшігінің тырнағына маникюр жасата бастады (фото)

Сәкен Майғазиевтің жетімдерге арнаған бейнебаяны көпшіліктің көзіне жас келтірді (видео)

Есентаева сүйіктісін шоу-бизнеске қатысты жиындардан тастамай ертіп жүретін болған (фото)

Талқылау