Баян Есентаева кіші қызының сұлулығымен мақтанды (фото)
Продюсер кіші қызының сұлулығына ерекше тамсана қарайтынын жеткізді.
Фото: instagram.com/aiaru_bb/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Баян Есентаеваның екі қызының мінезі екі түрлі екені ешкімге жасырын емес. Тіпті олардың сыртқы келбеттері де бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Бұл жолы продюсер кіші қызының сұлулығына ерекше тамсанатынын жеткізді.
“Ол сондай сұлу” деп жазады продюсер кіші қызының суретінің тұсына.
Продюсердің кіші қызы – Айару Бақытбек. Әзірге мектеп оқушысы. Баян Мақсатқызы отандық бағдарламалардың бірінде оны индиго балалардың қатарына жатқызатынын айтқан-ды. Себебі, кіші қызы жан-жақты әрі салмақты екен. Мұнымен қатар, ол анасының мейрамханасында ас әзірлейді. Үнемі қызыл далап жағып жүргенді ұнатады.
Бір кездері желі қолданушылары Айаруды ерте жастан бояна бастағаны үшін сынаған-ды. Алайда продюсердің өзі қыздарына таңдау еркін беріп қойғанын айтты.
“Барлық нәрсеге қатысты таңдау еркін беріп қойғандықтан, мен ең жақсы ана емес шығармын. Әсіресе көйлектің ұзындығы мәселесіне келген кезде”, – дейді ол.
Бұл жолы суретке қатысты желі қолданушылары пікір білдіре алмады. Себебі, продюсер парашасындағы пікір жазуды шектеп қойған-ды.
Жіберіп алмаңыз:
Айсәуле Бақытбек итіне spa-салон іздеп жүр
Баян Есентаева: Қызыма қысқа киюге рұқсат берген мен жақсы ана емес шығармын
Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауабын берді
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды