Баян Есентаева: Қазіргі 20 жастағы қыздар – нағыз қасқырлар
Баян Есентаева “Қазақ аруы” телехикаясының кастингі қалай өткенін баяндап берді. Мұнымен қатар, қазіргі 20 жастағы қыздарды нағыз қасқырға теңеді.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Баян Есентаева жуырда жаңа телехикаяның түсірілім жұмыстарын бастап кеткен-ді. Аталған туынды Алматы қаласындағы сауда орталықтарының бірінде түсіріліп жатыр. Жұмыс кестесі таңнан, кештің батысына дейін жалғасады екен. 6 бөлімнен тұратын Қазақ аруы телехикаясы небәрі екі аптаның ішінде түсіріледі деп жоспарланып қойған. Продюсер басты рөлдердің бірін өзі сомдайды. Ал бойжеткеннің рөлі 16 жастағы Гүлзада Тұрлашқа бұйырды.
“Байқау туралы телехикая түсіру идеясы ойламаған жерден келді. Мен шығармашылық адамы болмасам да, кейде басыма идеялар келіп тұрады. Осылайша бір күні таңертең сүйікті байқауым туралы телехикая түсіру идеясы келген болатын. Мен бұл жобаны қатты жақсы көремін. Жыл сайын асыға күтемін. Көктемнің құлпырған шуақты күнінде тәжге кімнің ие болатыны қызық. Оның үстіне сұлулықты жаным сүйеді. Үнемі тек сұлу қыздармен жұмыс істеймін”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Баян Мақсатқызы бұл жолы прокаттың арқасында толағай табыс көздемейтінін айтып жатыр. Ол тіпті аталған телехикаяны 15 күннің ішінде түсірмек.
“Меніңше, қазір телехикая сәнде. Көрермендер өзіміздің отандық өнімді, актерлерді көруге дағдыланып қалды. Біріншіден, біз телехикаяны алғаш рет түсіріп жатқан жоқпыз. 1,5 ай дайындық жүргізіп, артынша 15 күннің ішінде түсіре салмақпыз. Мұны жылдам әрі кәсіби деңгейде жасаймыз. Прокатқа шығаратын көркем фильмге қарағанда, телехикая желісін өрбіту оңай. Көпжылдық тәжірибемнің арқасында жұлдызы жануға лайық адамды бірден танимын.
Кәсіби деңгейде алдыма келіп тұрған қыздың бір-екі жылда тағдырының қалай шешілетінін біліп тұрамын. Мен басты рөлді сомдайтын қыздың 16-17 жаста болғанын қаладым. Себебі, қазіргі 20 жастағы қыздар қасқырмен тең. Ешқандай аңқаулық жоқ. Ал жасы кішілердің қолынан көп нәрсе келе бермейді. Гүлзада кіріп келген кезде жасын сұрадым. 16-да екен. Мектепті алтын белгіге бітіріп, физика-математика факультетінде білім алып жатыр екен. Түрлі олимпиада жеңімпазы болған. Маған үнемі кәсіби актрисаларды таңдамайтыным үшін ұрысады”, – дейді Баян Есентаева.
Жіберіп алмаңыз:
Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)
Ұлына жеті атасын жаттатқан Дастан Оразбековке көпшілік риза болды (видео)
Әйкерім Қалаубаева қызына дәл өзінікіндей он түрлі көйлек кигізді (фото)
Қайрат Нұртастың анасы Таиландта қолтырауынның етін жеп қоя жаздаған (фото, видео)