Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева күйеуін ренжіткенін мойындады

Танымал продюсер Баян Есентаева Vlast.kz басылымына сұхбат беріп, күеуінің үлгілі отағасы және әке болғанын тағы да бір рет айтып өтті. Продюсер күйеуімен 22 жыл бойы үлкен махаббатта өмір сүргенін тілге тиек етті. Ол алғаш рет күйеуін ренжіткенін мойындады.

0688136ff81e339291c4ac8a510ce6fa

Есентаеваның сөзінше, күйеуін кешіру үшін оған 4 ай қажет болған.

“Үш ай бойы мен ештеңеге қабілетсіз халде болдым. Аур күйзелісті бастан кешірдім, депрессияға қарсы дәрілер іштім, психологтарға барып емделдім, өзім барып үлгерген мемлекеттерде емделдім. Қытай, Франция – тексерістен өттім, инемен емделдім… істемеген нәрсем қалмады”, – деп атап өтті танымал продюсер.

Баян Есентаева күйеуін ренжіткені үшін жазаланғанын мойындады.

“Әркез Құдайға сендім. Өйткені өмірімде ешқандай жаман іске барған емеспін. Бұған дейін де талай айтқанмын, бетіне тіке қарай алмайтындай адамым жоқ. Жұмыста да, қарым-қатынаста да адал болдым. Тұрмыста болған 22 жылда адал болдым. Оны ренжіткенге дейін. Мен оны ренжіттім – сол үшін жазамды алдым”, – деді ол.

Баян Есентаева ешқашан тұрмыстық мәселелерге бас қатырып көрмегенін айтты. Атышулы оқиғаға дейін отбасындағы барлық ұйымдастырушылық мәселелермен бұрынғы күйеуінің айналысқанын тілге тиек етті.

“Жалғыз қалдым деген кезде тұрмыстық проблемаларға қатысты айттым. Ол мен 10 маусымға дейін ешқашан айналысып көрмеген дүниелерім. Мен үй қызметшісіне қанша ақша төленетінін, еттің қанша тұратынын білмейтінмін. Өз көлігіме жанармай құйған емеспін, тіпті, ұялы телефоныма ақша салып көрмегем. Ешқашан. Көліктің багы қай бетте екенін де білмедім. Тұрмыстық міндеттердің ішінде ұйымдастырушылық, әкімшілік жұмыстардың бәрі де соның мойнында болатын. Мен тек Баян Есентаева бола алатынмын. Сән салондарына барып, сүйікті жобаларыммен айналысатынмын. Баланың мектебіне қанша ақша жұмсалатынын да білген емеспін. Ол үнемі: «Баяша, сен жұмысыңды істе, қалғанын мен тындырамын», – деп айтатын. Қазір оның бәрінен айырылып қалдым. Анам жүргізуіші мен күзетшіге айлық төлеу керек екенін айтады, мектептен хабарласады… Мен абдырап қалдым. Оның барлығы қанша тұрады? Өзім күйзелісте бола тұра бұрын-соңды кезікпеген дүниелермен айналысудамын. Жалғыз қалдым дегенде осыны меңзедім. Жұмысыма келсем де сол, барлығы арнадан шығып кеткен. Байыппен ғана: «Қыздар кезек-кезек айналысайық – бірінші, екінші, үшінші, т.б. Қазір ең маңыздысы не? Сонымен айналысайық» – дедім. Ақырындап қалыпқа түсіп келе жатырмыз”, – деп жалғады сөзін Есентаева.

Продюсер болған оқиғадан кейін бет-әлпетінің өзгергеніне байланысты ел алдына шығудан әлі де қымсынатынын айтып берді. Одан бөлек, жан-жақтан көмек қолын созған жандардың көп болғанын тілге тиек етті.

“Есірігім ұстады. Мен өмір бойы әдемі әйел болдым. Адамдар маған әркез проблемасы жоқ әйел ретінде тамсана қарайтын. Ал енді сенің бетің қисық, көзің жұмылмайды, физикалық тұрғыдан тәнің ауырады, ал кейбір адамдар оларды ауруханада қабылдамай қойғаның үшін ренжиді – барып тұрған сандырақ. Ақша ұсынды, емханаларын, жеке ұшақтарын… Көбінесе адамдар өздерін осындай қырынан танытты. «Нұр Отаннан», министрліктерден бастап барлық жерден хабарласты, барлығы ауруханаға келді. Үлкен алғысымды білдіремін”, – деді танымал продюсер.

Есентаева болған оқиғаны қыздарының қалай қабылдағанын айтып берді:

“Екеуі де ішкі мәдениеттерінің жоғары екендіктерін, төзімді екендерін көрсетті. Біреуі де “мама сен жамансың, папа – сен жамансың” деп айтқан жоқ. Екеуі де: “Ол біздің әкеміз, ол біздің анамыз, біз сендерді жақсы көреміз, сендер қателестіңдер”, – деді”.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Мен өзіме ұнай бастадым

Баян Есентаева: Бетімнің кем-кетік тұстарын есіме сала берудің қажеті жоқ

Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді

Талқылау