Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

Сәрсенбі, 23 Қараша , 2016 12:10

Мақпал Исабекова отандық бағдарламалардың бірінде желідегілердің сауалына жауап берді. Әнші бұрын-соңды еш жерде айтпаған құпиясын бөлісті. Мұнымен қатар, 12 жылдан бері отбасын құруға асығып жүргенін айтты.

14547681_335307173510423_4098800677709414400_n

Фото: instagram.com/makosyai/

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Мақпал Исабекованың ұстаздары оған қатты ренжіп жүр екен. Тіпті, телеарна журналистеріне әнші туралы сұхбат беруден бас тартқан. Мұны Мақпалға ренжіп жүргендіктерімен түсіндірген. Десе де, әншінің өзі сүйікті ұстаздары туралы жаман пікір білдірмегенін айтып ақталды.

– Соңғы уақытта өзің туралы қандай қызықты алып-қашпа сөздер естіп жүрсің?

– Менің екі балам бар. Мен оларды Мәскеуде тудым. Бірі олардың әкесі Доминик Джокер деп ойлайды. Екіншілері керісінше әкелері Иван Бреусов екенін айтады. Мен Мәскеуге сол балаларды туу үшін барған екенмін. (Күлді.) Жиенім Мансұрды менің балам деп ойлайды. Ол менің балам болса, мен неге жасыруым керек екен? Жарайды оны некесіз тудым делік. Мұндай бақытты мен неге жасыруым керек екен?

– Бала туғың келмей ме? Уақытың келді ғой.

– Уақыты келді деген не сөз? Осыны түсінбеймін. Бір адам сағат 10-да ұйықтайды, енді бірі кешкі 7-де жатып қалады. Әркімнің өзінің уақыты бар. Менің әпкем 19 жаста туды. 32 жастағы қыз ретінде баланы өзім үшін туғаным әбестік болар. Ертең ол келіп, “Әкем қайда?” деп сұрайды. Мен “Сені өзім үшін тудым” деп жауап беремін. Егер мінезі менікіндей шатақтау болса, оның маған тағы не айтарын білмеймін. Жалпы төрт балам болғанын қалаймын. Мен тусам, бірінен кейін бірін туар едім. Егіз тусам, нұр үстіне нұр болар еді. Мен отбасы үшін бәрінен бас тартуға дайынмын. 12 жылдан бері осыны күтіп жүрмін. Мен ханзадамды емес, ер азаматымды күтіп жүрмін.

– Біз институтке барып, сенің ұстаздарыңнан сұхбат алмақ болғанымызда, олар бас тартты. Неге?

– Бұл сөздеріңізді естіп қатты таң қалып тұрмын. Себебі, мен мұндайды айтуым мүмкін емес. Ұстаздарым мен өзім 4 жыл бойы білім алған Alma Mater туралы бұлай айтуым мүмкін емес.

– Біздің қазақтар бағдарламаны көріп отырып “мына екі қазақ неге орысша сайрап отыр” деп жатқан шығар. Бұл сен үшін ұят па?

– Жоқ бұл мен үшін ұят емес. Мен өз тілімді жақсы білемін. Беске білемін. Құрметтеймін. Кейде орыс мектебінде оқығандықтан, орысша сөйлеп кетемін. Айналамның барлығы орыс тілінде сөйлегендіктен де болар. Бірақ үйде қазақша сөйлеп өскен баламын.

– Ерніңізге пластикалық ота жасаттыңыз ба?

– Менің ернім негізі ешкімге маза бермейді ғой деймін. Біріншіден, бұл менің жеке шаруам. Екіншіден, мен біреудің алдында ақталуға міндетті емеспін. Мен спорт залына барып, үздіксіз диета ұстаймын. Көп адам мені миллиондаған пластикалық ота жасатты деп ойлайды. Тіпті, арнайы блефоропластика деген сөзді жаттап алдым. Мұрнымды да, жағымды да өзгертті деп ойлайды. Шын мәнінде, мен тек ернімнің үстін үлкейттім. Оның өзінде, ассиметриялы болғандықтан ғана ота жасаттым.

Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Бір нәрсені өзгертуге құқығымыз да, мүмкіндігіміз де бар. Ерін бірден көзге түсетіндіктен, бүкіл бет-әлпетімді өзгерткендей әсер қалдырамын. Мен қатты қаласам да, пышаққа түспеймін. Себебі, менде нәтижесі ұнамай қалса ше деген ой тұрады. Бірақ, 25-30 жылдан кейін бетімді тарттыруым мүмкін. Ол кезде мен жоғалтатындай ешнәрсе болмайды. 58 жасымда “Жүріңдер, кеттік жасаймыз” деп те айта аламын. Осы сұраққа көптен бері жауап бергім келіп жүр еді.

– Эрик Тастамбеков екеуіңіздің араларыңызда махаббат болды ма?

– Әрине, болды. Махаббатсыз мұндай нәтижеге жете алмайтын едік деп ойлаймын. Мен Бостың мені жақсы көргенін, әлі де жақсы көретінін білемін. Ол өз ісінің маманы. Мен оның жобасы болғанымда өзімді жан-жағынан қорғалған баладай сезінетінмін. Мен тек қандай ән жазамын, қандай киім киемін, қай түсірілімге барамын деген сияқты мәселелерді ғана ойлайтынмын. Мен ол адамды жақсы көремін, қатты сыйлаймын.

 


Жіберіп алмаңыз:

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді

Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді

Әли Оқапов «сүйіктісін» ән байқауынан шығарып тастады (видео)

Стильдерін өзгерткен Ninety one тобы жаңа бейнебаян түсіруге кірісті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар